Құтқарушы • Кеше

Құтқарушылар 3000 метрден астам биіктіктен жарақат алған туристі эвакуациялады

1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының Медеу ауданындағы Мыңжылқы шатқалында, теңіз деңгейінен 3020 метр биіктікте орналасқан Малыш шыңынан түсу кезінде туристік топтың 2007 жылы туған мүшелерінің бірі жартастан құлап, жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz

Құтқарушылар 3000 метрден астам биіктіктен жарақат алған туристі эвакуациялады

Оқиға орнына жеткен ТЖМ қызметкерлері зардап шеккен азаматты жедел тауып, оған алғашқы көмек көрсетіп, эвакуациялауға кірісті. Қауіпсіз жерге жеткізілгеннен кейін турист ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының бригадасына тапсырылды.

Туристік топтың тағы үш мүшесі құтқарушылардың сүйемелдеуімен қауіпсіз жерге жеткізілді. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.

Соңғы жаңалықтар