АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен кездесуде Аззедин Унахи дубль авторы атанса, тағы бір голды Суфиан Рахими соқты.
Турнирде Марокко құрамасының үздік сұрмергені Исмаэль Сайбари бірінші таймның ортасында жарақат алып, алаңнан кетуге мәжбүр болды. Кездесудің бас төрешісі Майкл Оливер командаларға жалпы сегіз сары қағаз көрсетті. Оның алтауы бірінші таймда берілді.
Футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында ойнайтын командалар
Осы жеңістің арқасында Марокко құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының ширек финалына шыққан алғашқы команда атанды. Жартылай финал жолдамасы үшін африкалық ұжым Парагвай мен Франция құрамалары арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.