Спорт • Кеше

Неміс теннисшісі Александр Зверев «Ролан Гаррос» чемпионы атанды

1 мин
оқу үшін

Парижде «Ролан Гаррос» турнирінің ерлер арасындағы жекелей сында жеңімпаз анықталды. Финалда неміс ойыншысы Александр Зверев пен италиялық Флавио Коболли кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz

Неміс теннисшісі Александр Зверев «Ролан Гаррос» чемпионы атанды

Неміс теннисшісі алғашқы сетте сенімді жеңіске жетті (6:1). Алайда кейін қарсыласына есепті теңестіруге мүмкіндік берді. Зверев үшінші сетте басым түссе де, тартысты кездесудің тағдыры бесінші сетте шешілді. Қиын әрі ұзаққа созылған тай-брейктен кейін италиялық ойыншы шаршап қалды. 6:1 есебімен Зверевтің жеңісімен аяқталды. 

Флавио Коболли  – Александр Зверев – 1:6, 6:4, 4:6, 7:6 (7:5), 1:6

Айта кетейік, «Ролан Гаррос» турнирінде Зверев алғаш рет чемпион атанып отыр. Бұған дейін неміс теннисшісі «Үлкен дулыға» жарыстарында қатарынан үш рет финалға шыққан. Осы жолы жеңіс тұғырына көтерілді. 

Еске сала кетейік, әйелдер арасындағы «Ролан Гаррос» бәсекесінде Мирра Андреева жеңімпаз атанды.

Соңғы жаңалықтар