Оқиға • Бүгін, 20:59

12 метрлік құдыққа құлап кеткен бала құтқарылды

1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласында жеке тұрғын үй аумағында 14 жастағы бала абайсызда тереңдігі шамамен 12 метр болатын суы жоқ құдыққа құлап кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz. 

12 метрлік құдыққа құлап кеткен бала құтқарылды

Фото: ТЖМ

Оқиға орнына келген ТЖМ қызметкерлері арнайы жабдықтың көмегімен құтқару операциясын жүргізді. 

«Ажал аяқ астында»: Қос жұмысшы құдықта көз жұмды 

Зардап шеккен бала құдықтан шығарылып, жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. 

«Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар және олардың қауіпсіздігін қадағалаңыздар. Ашық құдықтарға, люктерге және басқа да қауіпті нысандарға ерекше назар аударыңыздар. Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне дереу хабарласыңыз», делінген хабарламада.

Бұған дейін Астанада көпқабатты үйден өрт шығып, 9 бала құтқарылғанын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар