Фото: ТЖМ
Өрт Жеңіс даңғылының бойында орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үйдің екінші қабатында болған. Төтенше жағдайлар департаментінің күштері оқиға орнына жеткен бойда пәтердің балконы мен терезе ойығының жанып жатқанын анықтады.
Құтқарушылар жоғарғы қабаттардан 25 адамды эвакуациялады. Сонымен бірге арнайы құтқару маскаларының көмегімен 12 адам, соның ішінде 9 бала құтқарылды.
Өрт сөндірушілердің кәсіби іс-қимылының арқасында тілсіз жаудың әрі қарай таралуына жол берілмей, жалын 20 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдайдың шығу себебі анықталып жатыр.