Спорт • Кеше

Азия чемпионатында қазақ балуандары екі күміс, бір қола медаль жеңіп алды

1 мин
оқу үшін

Таиландтың Паттайя қаласында 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Азия чемпионатында қазақ балуандары екі күміс, бір қола медаль жеңіп алды

Алғаш болып кілемге грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының балуандары шығып, екі күміс және бір қола медаль жеңіп алды.

Олимпиада алтынына – 150 мың доллар: Күрес федерациясы арнайы сыйақы жүйесін бекітті

77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Бақдәулет Тұрсынбек финалда Өзбекстан өкілі Оғабек Асқаралиевке есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды.

87 келіге дейінгі салмақта Әлихан Тағаев шешуші белдесуде Қырғызстан балуаны Мұсылман Мамыровтан жеңіліп, күміс медаль иеленді.

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Әмірмұхаммед Қабылов қола жүлде үшін өткен белдесуде Қырғызстан өкілі Құрманбек Әлімжановты жеңіп, чемпионатта үшінші орынды иеленді.

Соңғы жаңалықтар