Байқауда олар ұлттық өнімдер мен дәстүрлі рецепттерді заманауи аспаздық тәсілдермен үйлестіріп, қазақтың ұлттық тағамдарын ұсынды.
Жеңімпаздар кәсіби қазылар алқасы мен көрермендердің дауыс беру қорытындысы бойынша анықталды. Қазақстан құрамасы ШЫҰ елдері арасындағы үздік нәтижелердің бірін көрсетті.
Қазылар алқасы қазақ тағамдарының жоғары сапасын, ерекше безендірілуін және ұлттық дәстүрдің сақталуын жоғары бағалады.