Фото: FIFA
Англия – Конго Демократиялық Республикасы
Елорда уақытымен сағат 21:00-де Англия мен Конго Демократиялық Республикасының құрамасы кездеседі.
Англия құрамасы әлем чемпионатының топтық кезеңінде L тобында 7 ұпай жинап, бірінші орынмен плей-оффқа шықты. Ағылшындар Хорватияны (4:2) және Панаманы (2:0) жеңіп, Ганамен (0:0) тең түсті.
Ал Конго К тобында 4 ұпаймен үшінші орын алып, рейтинг бойынша плей-офф кезеңіне жолдама алды. Топтық кезеңде Конго құрамасы Өзбекстанды (3:1) жеңіп, Португалиямен (1:1) тең ойнап, Колумбиядан (0:1) жеңілді.
Әлем чемпионаты: Өзбекстан капитаны топтық кезеңде үздік гол авторы атанды
Бельгия – Сенегал
2 шілдеге қараған түні сағат 01:00-де Бельгия мен Сенегал құрамалары кездеседі.
Бельгия құрамасы топтық кезеңде G тобында бес ұпай жинап, бірінші орынмен плей-оффқа шықты. Бельгиялықтар соңғы турда Жаңа Зеландияны 5:1 есебімен ойсырата жеңсе, Египет (1:1) және Иранмен (0:0) тең түсті.
Ал Сенегал құрамасы I топта үшінші орынмен плей-офф кезеңіне шықты. Африкалық команда Иракты 5:0 есебімен жеңгенімен, Франция (3:1) мен Норвегиядан (3:2) жеңіліс тапты.
АҚШ – Босния және Герцеговина
Тағы бір плей-офф кездесуінде АҚШ құрамасы Босния және Герцеговинаға қарсы ойнайды. Ойын сағат 05:00-де басталады.
АҚШ құрамасы D тобында Парагвай мен Австралияны жеңіп, мерзімінен бұрын бірінші орынмен плей-оффқа жолдама алды. Соңғы турда Түркияға қарсы матчта бас бапкер Маурисио Почеттино негізгі ойыншыларға демалыс беріп, құрамға өзгерістер енгізді.
Ал Босния және Герцеговина В тобында үшінші орын алып, плей-офф кезеңіне шықты. Сергей Барбарез жаттықтыратын команда Канадамен 1:1 есебімен тең түсіп, Швейцариядан 4:1 есебімен жеңілді. Алайда шешуші кездесуде Катарды 3:1 есебімен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.