Футбол • Бүгін, 09:18

Франциялықтар Швеция қақпасына 3 гол соғып, жеңіске жетті

1 мин
оқу үшін

Франция құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалында Швецияны 3:0 есебімен ойсырата жеңіп, келесі кезеңге (1/8 финалына) жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Франциялықтар Швеция қақпасына 3 гол соғып, жеңіске жетті

Фото: facebook.com / fifa

Франциялықтар есепті бірінші тайм аяқталар сәтте ашты. 45-минутта бұрыштамадан көтерілген доптан кейін Килиан Мбаппе айып алаңында бірінші болып допқа жетіп, дәл соққымен командасын алға шығарды.

Екінші таймның 53-минутында Майкл Олисе қорғаушылардың арасынан тамаша пас беріп, шабуылшы Брэдли Барколя өз мүмкіндігін мүлт жібермей, есепті 2:0-ге жеткізді.

Марокко Нидерландыны пенальти сериясында жеңіп, 1/8 финалға шықты

Кездесудің соңғы нүктесі 74-минутта қойылды. Майкл Олисе тағы бір мәрте паспен Мбаппені айып алаңына шығарды. Франция құрамасының капитаны Килиан Мбаппе қорғаушыны алдап өтіп, әдемі айналдыра тепкен соққымен дубль жасады. Жалпы есеп 3:0.

Осылайша Франция құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалына шығып, келесі кезеңде Парагвай құрамасымен кездеседі.

Еске салайық, бұған дейін 1/16 финалдың екінші күні үш ойын өтетінін хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:00

Жас талғамайтын би байқауы

Қоғам • Бүгін, 08:55

Бір ғасыр бұрынғы суреттер

Жәдігер • Бүгін, 08:53

Өрт сөндіру бекеті ашылды

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Қараусыз қалған саяжайлар

Аймақтар • Бүгін, 08:48

Мың жылқының дүбірі

Мирас • Бүгін, 08:45

Төскейдің сәні төрт түлік

Аймақтар • Бүгін, 08:43