Аймақтар • Бүгін, 08:50

Өрт сөндіру бекеті ашылды

3 мин
оқу үшін

Ақсу ауданының Көшкентал ауылында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды. Бұл – Төтенше жағдайлар министрлігінің «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында Жетісу өңірінде пайдалануға берілген бесінші өрт сөндіру бекеті. Жаңа нысанның іске қосылуы бір ауылдың ғана емес, тұтас өңірдің қауіпсіздік жүйесін нығайтуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.

Өрт сөндіру бекеті ашылды

Бүгінде табиғи өрттердің жиілеуі, ауа температурасының көтерілуі мен құрғақшылық­тың күшеюі төтенше жағдайлар­дың алдын алу жұмысын жаңа деңгейге көтеруді талап етіп отыр. Осындай кезеңде шалғай ауылдарда орналасқан өрт сөндіру бекеттері алғашқы минуттарда жедел әрекет етіп, тілсіз жаудың кеңінен таралуына тосқауыл қоя алады. Бұл – тұрғындардың өмірі мен денсаулығын, тұрғын үйлер мен шаруашылық нысандарын ғана емес, табиғат байлығын қорғаудың да тиімді жолы. Жетісу облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Қанат Алтынбековтің айтуынша, «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы ауыл тұрғындарының қауіп­сіздігін арттыруға бағытталған бірегей бастама.

«Шалғай елді мекендерде жедел әрекет ететін қызметтің болуы аса маңызды. Осы тұрғы­да «Ауыл құтқарушылары» бағ­дар­ламасының нәтижесінде төтенше жағдайларға жедел әрекет ету мүмкіндігі артып отыр. Бағдарламаның басты мақ­саты – шалғай ауылдардағы қауіпсіздік деңгейін арттыру, төтенше жағдайлардың алдын алу, халыққа дер кезін­де көмек көрсету жүйесін же­тіл­діру», дейді департамент басшысы.

Жаңа өрт сөндіру бекеті орналасқан Көшкентал ауыл­дық округінде 1 350 тұрғын бар. Осы­ған дейін қандай да бір төтенше жағ­дай орын алса, арнайы қыз­меттердің жетуіне біршама уақыт кететін. Енді жаңа бекеттің іске қосылуының нәтижесінде өртке қарсы ал­ғашқы іс-қимылдар же­дел ұйым­дас­тырылады. Қауіп­тің алдын алу мүмкіндігі айтар­лықтай артады.

с

Жалпы, қазіргі таңда өрттің алдын алу – оны сөндіруден де маңызды міндеттердің бірі. Әсіресе ауылдық жерлерде егіс­тік алқаптары, шабындықтар мен жайылымдардың көп ­болуы, жазғы аптаптың күшеюі өрт қаупін бірнеше есе арттырады. Мұндай жағдайда әр­бір минуттың бағасы қымбат. Сон­дықтан өрт сөндіру бекеттерінің дәл ауылдардың өзінде орналасуы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ең тиімді шешімдерінің бірі.

Жетісу облысында бұл бағыт­тағы жұмыс кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Бұған дейін «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында Ескелді ауданындағы Ақын Сара, Қара­тал ауданындағы Алмалы ауыл­дарында, сондай-ақ Кәлпе мен Көп­бірлік ауылдарында өрт сөн­діру бекеттері ашылған. Көшкен­талдағы жаңа нысан – осы жүйелі жұмыстың жалғасы.

Өңірде төтенше жағдай­лардың алдын алу ісіне басымдық берілуі – халықтың қауіпсіздігіне жасалған нақты қамқорлықтың көрінісі. Себебі қауіпсіз ауыл – тұрақты ауыл. Шалғай елді мекендерде ашылған осындай бекеттер материалдық шығын­ның алдын алып, тұрғындардың сенімін нығайтады.

 

Жетісу облысы 

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:00

Жас талғамайтын би байқауы

Қоғам • Бүгін, 08:55

Бір ғасыр бұрынғы суреттер

Жәдігер • Бүгін, 08:53

Өрт сөндіру бекеті ашылды

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Қараусыз қалған саяжайлар

Аймақтар • Бүгін, 08:48

Мың жылқының дүбірі

Мирас • Бүгін, 08:45

Төскейдің сәні төрт түлік

Аймақтар • Бүгін, 08:43