Қоғам • Бүгін, 08:55

Жас талғамайтын би байқауы

1 мин
оқу үшін

Кейде адамның жасын төлқұжаттағы сан емес, жүрегіндегі жалын айқындайды. Анталия төрінде өткен халықаралық «Dance with your soul!» байқауында Астана қаласының биші ата-әжелері дәл осыны өнер тілімен дәлелдеп қайтты.

Жас талғамайтын би байқауы

Халықаралық өнер додасына Түркия, Грузия, Ресей және Қазақстаннан би ұжымдары қатысып, барлығы 115 конкурс нөмірін ұсынды. Еліміздің намысын қорғаған астаналық «Қыздар-ай» халық ансамблі мен «Аңыз» хореография ансамблі ұлттық және заманауи билерді орындап, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

Байқау қорытындысында «Аңыз» хореография ансамблі «Сезім әуені» биімен бас жүлдені жеңіп алды. Ал «Қыздар-ай» халық ансамблі «Кең дала» ұлттық биі және «Жан симфониясы» классикалық биі үшін екі бірдей Гран-при иеленді. Сонымен қатар ансамбль «Шаттық би» заманауи композициясымен І орынға лайық деп танылды.

Айта кетейік, елордалық өнерпаздар «45+ сеньорлар» санатында өнер көрсетті. Олар халықаралық байқау­да жоғары орындаушылық шеберлігімен, ұлттық би мәдениетін сахнада лайықты таныта білуімен ерекшеленді. «Қыздар-ай» халық ансамблі мен «Аңыз» хореография ансамблінің жетекшісі – хореог­раф Ирина Смағұлова. Оның жетекшілігімен өнер көрсеткен ұжымдардың халықаралық байқаудағы жеңісі елорданың шығармашылық әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеп, еліміздің абыройын халықаралық дең­гей­де асқақтатты.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:00

Жас талғамайтын би байқауы

Қоғам • Бүгін, 08:55

Бір ғасыр бұрынғы суреттер

Жәдігер • Бүгін, 08:53

Өрт сөндіру бекеті ашылды

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Қараусыз қалған саяжайлар

Аймақтар • Бүгін, 08:48

Мың жылқының дүбірі

Мирас • Бүгін, 08:45

Төскейдің сәні төрт түлік

Аймақтар • Бүгін, 08:43