
Медицина • Кеше
Өңір медицинасында серпіліс бар
Жетісу облысы құрылғаннан бері 81 медицина мекемесі салынған. Соның нәтижесінде, өңірде дәрігер тапшылығы едәуір азайды. Өткен жылы бірнеше маман көтерме жәрдемақы алып, ауыл-ауылға көшіп барды. Нәтижесінде, халық бұрынғыдай облыс орталығына сабылмайды. Дегенмен қажетті кадрларға сұраныс әлі де бар. Алдағы уақытта 72 ауылда жаңа заманауи емхана ашылады.
Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше
Енді жетісулық жас мамандар іргелі кәсіпорындарға барып жұмыс істей алады. Бұрынғыдай қолына дипломын алып, қызмет іздеп қала кезіп жүрмейді. Өңірге қажетті кадрларды жергілікті оқу орындарынан алуды көздеген зауыт басшыларының ұсынысы қабылданды. Оған колледж директорлары да мүдделі болып отыр. Осылайша, екі тарап өзара 10 меморандум жасады.
Шаруашылық • 23 Сәуір, 2025
Жетісуда биыл егіс көлемі жылдағыдан жоғары. Соған сәйкес күтілетін нәтиже де ауқымды. Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыруға сәйкес, биыл егістік көлемі 510,7 мың гектарды құрайды. Оның 373,8 мың гектарына көктемде себіледі. Жыл сайынғы көктемгі дала жұмыстары қызатын күн жақын.
Аймақтар • 19 Сәуір, 2025
Өңірді толықтай газбен қамту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Кейінгі үш жылда 60-тан астам елді мекен көгілдір отынға қол жеткізді. Биыл да бірнеше ауылға табиғи газ тартылмақ. Облыс орталығынан шалғай жатқан аудандарды да газдандыру мәселесі алдағы жылдары шешімін табады. 2029 жылға қарай 200-ге тарта елді мекеннің көмір мен отынға тәуелділігі азаяды.
Қылмыс • 19 Сәуір, 2025
Жетісу облысының полиция департаменті былтырғы нәтиже бойынша республикада үздік бестікті түйіндеді. Қылмыс саны азайып, тәртіп бұзушылар қатары сиреген. Мәселен, 2023 жылы 3 639 заңсыз әрекет тіркелсе, былтыр 3 119 жағдай болған. Қазір мектеп оқушылары арасындағы жағымсыз жайттарды азайту үшін тәртіп сақшылары түсіндірме жұмыстарын ұйымдастырып жүр.
Қоғам • 16 Сәуір, 2025
Қазақ-қырғыз: ақпараттық ынтымақтастық артады
Алматыда «Alatau-Aqparat» медиахолдингі мен Қырғыз ұлттық “Кабар” ақпараттық агенттігі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Қоғам • 11 Сәуір, 2025
Шерзатқа қатысты сот ашық өтеді
Қоғамды дүрліктірген 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты сот отырысы Талдықорған қаласындағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында ашық түрде өтті. Алайда істі Алматы облыстық соты қарап жатыр. Алғашқы отырыста прокурор айыптау актісін ғана оқыды.
Аймақтар • 10 Сәуір, 2025
Жеке инвестицияға салынған екі зауыт
Биыл өңірде құрылыс материалы мен өнеркәсіптік аккумулятор шығаратын жаңа зауыттар іске қосылады. Екеуіне де жеке инвестиция салынған. Қазір жабдықтарды монтаждау жүргізіліп жатқан, өнеркәсіптік аккумулятор шығаратын «Қайнар-АКБ» ЖШС II тоқсанда іске қосылады.
Аймақтар • 01 Сәуір, 2025
Текеліде тұрғын мен полицейлер жас жігіттің өмірін сақтап қалды
31 наурыз күні Текелі қаласында жергілікті тұрғынның қырағылығы мен полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттері 22 жастағы Тимур Абдулиннің өмірін сақтап қалуға көмектесті. Ес-түссіз жатқан жігіт қаладағы кешендердің бірінің жертөлесінен табылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2025
Талдықорған қаласына қарасты Өтенай ауылында дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жүргізіліп жатыр. Жол картасы аясында қолға алынған маңызды әлеуметтік нысанның жұмысы депутаттар мен жергілікті билік өкілдерінің бақылауында. Одан бөлек, облыс орталығында тың медициналық әдістер тәжірибеден өтіп, жергілікті мамандар шетелдік дәрігерлерден дәріс алады.