Туризм • Бүгін, 09:30
Жетісу жерінде тау туризмі жақсы дамып келеді. Оған дәлел – биыл да «Shagan Fest 2026» спорттық-экологиялық фестивалі дүрілдеп өтті. Мыңдаған адам 2551 метр биіктіктегі Шаған шыңын бағындырды. Алыс-жақын шетелден жүздеген турист келді. Үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған ауқымды шара тек туристік фестиваль емес, табиғатпен үндескен рухани қозғалысқа айналғандай.
Digital • 11 Маусым, 2026
Технология тілін үйрететін лагерь
Жетісуда цифрлық технологияларға қызығушылық танытатын жастарға арнайы алаң ашылды. Облыс орталығында орналасқан «Jetisu Digital» IT-хабының ұйымдастыруымен жазғы IT-лагерь өз жұмысын бастады. Бұл жас буынға заманауи технологиялар әлеміне тереңірек үңілуге жол ашады.
Қоғам • 05 Маусым, 2026
Жетісу төріндегі ерекше фестиваль
Жетісу төрінде өткен IV Халықаралық «Biken Fest» театр фестивалі қорытындыланды. Қазақ театр өнерінің жарық жұлдызы Бикен Римованың есімімен аталатын мәдени шара биыл да жоғары дәрежеде өтті. Әлемнің әр түкпірінен келген театр ұжымдарының басын қосып, өнер мен руханияттың үлкен мерекесіне айналды.
Қоғам • 05 Маусым, 2026
Инвестордың қоғамшыл бастамасы
Қайырымдылық – жүректен басталатын ізгілік. Ал туған жердің өркендеуіне үлес қосу – әр азаматтың перзенттік парызы. Кейінгі жылдары ел ішінде әлеуметтік жауапкершілікті терең сезініп, туған өлкесінің дамуына нақты үлес қосып жүрген кәсіпкерлер көбейді. Айталық, сарқандық кәсіпкер Оразғали Сәдуақасов жерлестеріне бірнеше баспана сыйламақ.
«Таза Қазақстан» • 02 Маусым, 2026
Түлектердің туған жерге тартуы
Жетісу жерінде туған елге деген жанашырлықты айшықтайтын тағылымды бастамалар баршылық. Айталық, «Таза Қазақстан» акциясы аясында өңірдің мектеп бітіруші түлектері айналаны абаттандыру, табиғатты аялау іс-шараларына білек түре араласып, өздері өскен өлкеге мыңдаған ағаш пен гүл көшеттерін сыйға тартты.
«Таза Қазақстан» • 17 Сәуір, 2026
Жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өңірдің келбетін жыл санап жаңартып келеді. Биыл облыс аумағында 12 жасыл аймақты – 9 саябақ, 1 гүлзар, 2 аллеяны абаттандыру жоспарланған. Бұл – экологиялық ахуалды жақсартатын, қалалар мен ауылдардың ажарын ашатын ауқымды жұмыс.
Қоғам • 16 Сәуір, 2026
Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету – маңызды жұмыстың бірі. Сол тұрғыда Жетісу өңірінде баспаналы болсам деген тұрғындардың дені онлайн кезек арқылы пәтерге ие болды.
Қоғам • 15 Сәуір, 2026
Талдықорғаннан Астанаға пойыз жүреді
Талдықорғандықтар тарихи сәттің куәсі болды. Жақында ресми түрде іске қосылған «Астана – Ақтоғай – Талдықорған» жаңа теміржол бағытымен елордадан алғашқы тікелей пойыз келді. Бұл – жаңа маршруттың ашылуы ғана емес, Жетісу өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін беретін маңызды қадам.
Талбесік • 10 Сәуір, 2026
Жетісудың су қоры: Түйінді мәселелер мен тиімді шешімдер
Жетісу – егін мен мал шаруашылығына арқа сүйеген аграрлы өңір. Алайда кейінгі жылдары климаттың құбылмалылығы, трансшекаралық су ағынының тұрақсыздығы, кеңес дәуірінен қалған гидротехникалық жүйелердің тозуы су ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік бермей отыр. Бүгінде суармалы жер көлемі едәуір артты. Биыл белгіленген 1,877 млрд текше метр су лимиті шаруаларға толық жете ме?
Аймақтар • 17 Наурыз, 2026
Жетісуда «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 60 нысан, атап айтқанда, 15 дәрігерлік амбулатория, 40 фельдшерлік-акушерлік, 5 медициналық пункт салынған. Өңірде ауыл халқының сапалы медициналық қызметке қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр.