
Қоғам • 18 Наурыз, 2025
Наурызнама онкүндігі аясында өңірде «Өмірге алғашқы қадам» атты тұсаукесу рәсімі өтті. Игілікті іс-шарада 336 баланың тұсауы кесілді. Бұл – ел тарихында бұрын-соңды болмаған оқиға. Танымал азаматтар кішкентай балдырғандардың қадамына құт тілеп, алажіпті кесті. Осылайша, саланатты жиын еліміздің рекордтар кітабына енді.
Мереке • 15 Наурыз, 2025
Жетісуда бір күнде 300 баланың тұсауы кесілді
Наурызнама онкүндігі аясында Талдықорғанда 50 баланың тұсауы кесілсе, қалған аудандарда 250 бала алғашқы адымын жасады. Бұл Қазақстан рекорды болып саналады, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Аймақтар • 13 Наурыз, 2025
Жетісуда пияз өңдеу зауыты салынады
Жетісудың жері байтақ, егін және мал шаруашылығымен еркін айналысуға болады. Мұны ескерген шетелдік инвесторлар түрлі ұсыныс жасап жатыр. Мәселен, қытайлықтар пияз өңдеу зауытын салуды көздесе, Өзбекстан ет экспорттауға қызығушылық танытқан. Айырқалпақты ағайын өнеркәсіп өндірісі, жасыл энергетика, туризм саласына инвестиция құюды құп көреді.
Әйел әлемі • 08 Наурыз, 2025
Ел арасында «тракторшы апа» атанып кеткен көпбалалы ана Шакира Идрисова ұзақ жылдан бері егін шаруашылығымен тұрақты айналысады. Бүгінде қант қызылшасын өсіріп, осы саланың дамуына да лайықты үлес қосып келеді.
Туризм • 07 Наурыз, 2025
Алтынемел, Айғайқұм – табиғат сыйы
Жетісу құландарын көруге Үндістан, Қытай, Корея, Франция, Германия, Ресей сынды алыс-жақын шетелдерден жыл сайын мыңдаған турист келеді. Олар түз жануарын далада кездестіру мақсатында апталап жатады. Осы тұрғыда «Алтынемел» ұлттық табиғи паркінің беделі жоғары. Жануарларды зерттеуші ғалымдар да Күреңбел мекеніне соқпай кетпейді.
Қоғам • 06 Наурыз, 2025
Зағип кітапханашы жүйрік баптап жүр
Еңбек етуге ниетті жанға тағдыр да тосқауыл бола алмайды. Айталық, кәсіпкер Серік Жұмабеков қос жанары көрмесе де, жүйрік баптап, ет пен сүт өндірісіне үлес қосып келеді. Келіншегімен бірлесіп атакәсіпті қолға алған зағип жанның тірлігі – көпке үлгі.
Аймақтар • 25 Ақпан, 2025
Баспанасыз жүрген кез келген адам әуелі өз шаңырағына қол жеткізгісі келеді. Жұмысы жақсы адам қонысын ертерек қамдар, ал әлеуметтік осал топ өкілдері қайтпек? Осы ретте облыс орталығында 23 отбасына жаңа пәтердің кілті табысталды. Баспана бақыты бұйырғандар арасында мүгедек балаларды тәрбиелеп отырғандар, І, ІІ топтағы мүгедектер бар.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 22 Ақпан, 2025
Жетісуда «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай қолға алынып жатқан түрлі жобалар аясында «Еңбекпен ер атанған» көш керуен мәдени іс-шаралары басталды. Ауыл-аймақтағы мамандық иелерін қанаттандыру мақсатындағы жоба барысында тұрғындар аудан орталығына жиналып, өз топырағынан шыққан еңбек майталмандарының ерлігін насихаттайды. Арнайы көрмелер ұйымдастырылып, мәртебелі мамандардың еңбегі айшықталады.
Аймақтар • 19 Ақпан, 2025
Жетісуда «Мизам» әдебиет мектебі құрылды
Жыл сайын мектептерде түрлі республикалық шығармашылық байқаулар ұйымдастырылады. Өлең не эссе жаза алатын оқушыны дайындауды мұғалімге жүктейді. Ал педагог қайтсін, өзі ақын не жазушы болмаса да балаға хәл-қадірінше бағыт-бағдар береді. Амал жоқ, жоғарыдан түскен тапсырма солай. Осы олқылықты түзету мақсатында һәм жастарды әдебиетке баулу үшін Жетісуда «Мизам» әдебиет мектебі құрылды.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2025
Талдықорған қаласындағы 1,5 жас пен 18 жас аралығындағы ерекше қажеттілігі бар балаларға мамандандырылған әлеуметтік қызмет көрсететін «Бәйтерек» орталығы жанынан жаңа бөлім ашылып, мекеменің сыйымдылығы 110 жатын орынға өсті.