
Қоғам • 23 Маусым, 2023
Үйлі болу – ел ішіндегі ең өзекті тақырып. Мұны Мемлекет басшысы да ескеріп, халықты қолжетімді баспанамен қамтуға қарекет етуге шақырған. Бұл ретте биыл Жетісуда пәтер жауған жыл болды. Жуырда ондаған жыл кезекте тұрған 36 отбасы қоныстойын тойлады.
Кәсіпкер • 22 Маусым, 2023
Еңбек адамына кәсіп бастауға ештеңе кедергі бола алмайды. Ең бастысы, ниет болса болғаны. Қазір шағын және орта шаруаларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Бұл бағытта отбасымен тұшпара түйіп, қымыз өндіруге ниетті жетісулықтар үлгі. Біз халықтың көңілін тапқан кәсіпкерлердің шаңырағына барып, жұмысымен танысып қайттық.
Аймақтар • 20 Маусым, 2023
Жетісудың экономикалық әлеуетін арттыруда маңызға ие екі сала болса, соның бірі – туризм. Мұны Мемлекет басшысы да назарға алған еді. Қазір өңірде осы бағытта түрлі жұмыс жүргізіліп жатыр. Соның айғағы ретінде Көксу ауданы Ақтекше маңындағы Шаған тауында «Shagan fest» фестивалі өтті. Бұл – тау туризмін дамытудағы алғашқы қадам.
Руханият • 20 Маусым, 2023
Өз қатарынан оза шауып, өрекпіп барып жарға соғылған дарынды ұл, қарымды қаламгер Қайрат Әлімбектің есімі Жетісу жұрты былай тұрсын, ел руханиятына олжа салып жүрген азаматтарға да жіті таныс.
Аймақтар • 15 Маусым, 2023
Жетісуда орталықтан жырақ орналасқан ауылдарға жаңа емхана салу ісі жүйелі жүргізіліп жатыр. Әрі соған сай білікті мамандарды тарту жұмысы да қарқынды. Мұны өңір басшысы Бейбіт Исабаев медицина қызметкерлерінің мерекесінде айтты.
Ұлттық спорт • 14 Маусым, 2023
Жарыс десе арқасы қоза ақтарыла түсетін жас шабандоз Ақылжан Құрмашты білесіз бе? Бәйгеде бәс тіккен ат құмар ағайын жақсы тануы керек. Ол 7-сынып оқушысы һәм бір жылда жиырма жүлдені қанжығасына байлаған.
Аймақтар • 13 Маусым, 2023
Сәбиге – ойыншық, тұрғынға – пәтер
Жетісулықтар жаңа өңірмен бірге жанданып, жасарып келеді. Біржылдық мерекеге орай облыс орталығына жиналған халықтың қуанышында шек болған жоқ. Сол күні сәбилер ойыншық алып, үй кезегінде тұрғандар қоныстойын тойлады.
Денсаулық • 13 Маусым, 2023
Бүгінде церебралды сал ауруына шалдыққан бала санының көбеюі қоғамды алаңдатады. Көрсең қабырғаң қайысатын бейкүнә сәбилердің жағдайын жасау мемлекет назарынан тыс қалмауға тиіс. Осы ретте өңір орталығы Талдықорғанда ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған екі бірдей оңалту орталығы ашылды.
Аймақтар • 13 Маусым, 2023
Жетісудың экономикалық әлеуеті
Жетісу – аграрлы өңір дегенімізбен, туризм саласында бірегей жобаларды қолға алмақ. Мәселен, Текеліде шаңғы-биатлон кешені салынып, «Бұрхан–Бұлақ» сарқырамасына дейінгі жол қайта жаңартылады. Одан бөлек, қант қызылшасының өнімі 2 есеге артады. Мұның бәрін облыс әкімі Бейбіт Исабаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баспасөз мәслихатында кеңінен тарқатып айтып берді.
Ауыл • 12 Маусым, 2023
Жетісуда 352 ауыл бар. Соның 186-сы әлеуеті жоғары саналады. Ауылдық жерлерде инфрақұрылымды дамыту – мемлекетіміздің алдына қойған басым міндеттерінің бірі. Ал оған жол ашатын «Ауыл – ел бесігі» жобасы. Биыл өңірде 11,7 млрд теңге сомасына 64 ауылдық елді мекенді қамтитын 82 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.