Мұхтар КҮМІСБЕК
Мұхтар КҮМІСБЕК«Egemen Qazaqstan»
1130 материал табылды

Білім • 17 Қазан, 2024

Ғасырға ұласқан ұстаздық жол

Жетісуда 20 мыңнан астам ұстаз білім береді. Биыл соның 2 мыңға жуығы мемлекет һәм облыс тарапынан түрлі марапатқа ие болды. Солардың ішінде Үмбетовтер әулетінің орны ерек. Нағыз еңбек адамы десеңіз де болады. Себебі үлкен отбасы үш буыннан бері шәкірт тәрбиелеумен айналысып келеді. Олардың жалпы еңбек өтілі – 332 жыл. Бүгінде шөберелері де атадан қалған жасампаз жолмен жүріп келеді.

Аймақтар • 16 Қазан, 2024

Алмалыда спорт кешені ашылды

Соңғы жылдары Жетісу облысы ауылдарында медицина, білім, спорт салаларына арналған бірнеше нысан бой көтерді. Жақында Сарқан ауданына қарасты Алмалы ауы­лында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында заманауи спорт кешені іске қосылды. Шалғайда жатқан елді мекенде мұндай еңселі ғимарат бұрын болмаған.

Шаруашылық • 15 Қазан, 2024

Қант қызылшасына жаңа технология керек

Өңірдегі өзекті мәселе – қант қызылшасының алдағы тағдыры. Қазір мамандар шетелдік тәсілді пайдаланып, мол өнім алуды көздеп отыр. Бұл ретте тамшылатып суару технологиясының маңызы зор. Мәселе «Alem agro», «KWS» компанияларының ұйымдастыруымен «Кең дала» шаруа қожалығының қызылша алқабында өткен жиында талқыланды. Онда тұқым мен тыңайтқыш түрлері мен жаңбырлатып суару әдісі де сөз болды.

Тұлға • 12 Қазан, 2024

Тұғырға қонған қылқалам шебері

Қазақ бейнелеу өнерін әлемге мәшһүр еткен Әбілхан Қастеевті қалай ұлықтасақ та жарасады. Мынау байтақ даланың қасиеті мен өсиетін кенеп бетіне қондырған шопан баласы Сарыжүрек шыңынан сыр суырды. Осылайша, қылқаламды жанына серік етіп, өр елінің өнерін кең арнаға ұластырды. Міне, «Мен суретті қойдың құлағынан, таудың бұлағынан, әжемнің киізінен, ешкінің мүйізінен үйрендім» деп талантын туған жерден тартқан алып тұлға ғасыр аттап, Жетісу төрінде тұғырға қонды.

Өнер • 11 Қазан, 2024

Саз өнерінің сардары

Қазақ ән өнерінде дарынды дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әли Алпысбаевтың есімі ерек. «Тойың тойға ұлассын», «Досым» секілді ел жүрегіне қоныстанған таңдаулы әндері халық жадында мәңгі қалмақ. Тіпті шығармалары шетел асып, қазақ өнерін аспандатып келеді. Оған дәлел тұңғыш рет өткен «Елге арнау» халықаралық әнші-вокалистер мен жеке аспапта орындаушылар байқауы.

Жоба • 09 Қазан, 2024

Салаға серпін берген жоба

Жетісу жерінде медицина саласына арналған 60-қа тарта нысанның құрылысы басталды. Бұл ғимараттарды салу жұмысы алыс аудандардағы халықтың денсаулығын жақсарту мақсатында қолға алынып отыр. Оған қоса сол елді мекендерге маман тарту мәселесі де жүйеленіп келеді. Айталық, былтыр өңірге 76 маман келген. Олар мемлекет тарапынан 10 млн теңгеге дейін үстемеақы алған. Жалпы, кадр тапшылығын шешуге 595 млн теңге қаржы жұмсалған.

Аймақтар • 06 Қазан, 2024

Талдықорғанда 986 мүгедектігі бар азамат дауыс беру құқығына ие

Талдықорғандағы дауыс беру учаскелерінде барлық тұрғынға, оның ішінде мүгедектігі бар азаматтарға дауыс беру үшін тең жағдай жасалған.

Аймақтар • 06 Қазан, 2024

Түрлі ұлт өкілдері бірліктің үлгісін көрсетті

Ынтымағы мен ырысы жарасқан Текелі қаласында тұратын сан алуан ұлт өкілдері республикалық референдумға белсенді қатысып, «Болашақ үшін дауыс береміз!» деп ұран тастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 06 Қазан, 2024

Ұлттық киім киген қариялар таңдау жасады

Алакөл ауданы, Екпінді ауылындағы №72 дауыс беру учаскесіне ауылдың ата-әжелері арнайы ұлттық киіммен келіп, өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 06 Қазан, 2024

Бүгінгі референдум – өзгерістерге бастайтын маңызды қадам - Социалистік Еңбек ардагері

Панфилов ауданы, Жаркент қаласында Социалистік Еңбек ардагері Күләш Айтжанова референдумға қатысып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.