Мұхтар КҮМІСБЕК
Мұхтар КҮМІСБЕК«Egemen Qazaqstan»
1113 материал табылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Талдықорған қаласында әлеуметтік осал топ өкілдері рет-ретімен тұрғын үйге қол жеткізіп жатыр. Электронды кезек ешкімді алаламайды. Бәрі қала басшылығының қадағалауында тұр. 2024 жылы өңірде тұрғын үй құрылысына 7,6 млрд теңге бөлінді. Қаржы 56 көпқабатты, 214 жеке тұрғын үй салуға бағытталды. Сөйтіп, облыс орталығында бірнеше отбасы қоныстойын тойлап, талай жылдан бері күткен пәтеріне кірді.

Аймақтар • 09 Қаңтар, 2025

Екіжақты пайдалы меморандум

Өңірдегі медицинаның әлеуетін арттыру үшін жаңа технологиялар ғана емес, соның тілін білетін маман ауадай қажет. Осы орайда облыс әкімдігі мен Президенттің Іс басқармасы Медици­на­лық орталығы өзара ынты­мақтастық туралы Меморандумға қол­ қойды. Мұндағы мақ­сат – инновациялық әдістемелерді дамытуда екіжақты білім мен тәжірибе алмасу. Сол ар­қылы жергілікті дәрігер­лер білімін шыңдай­ды.

Аймақтар • 07 Қаңтар, 2025

Әлеуметтік саланың олжасы

Жетісу өңірінде әлеуметтік сала нысандарын жаңарту, қайта салу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Жаңа облыс құрылғалы бар-жоғы үш жылға жуықтаса да, атқарылған жұмыс аса ауқымды. Соның басым бөлігі әлеуметтік салаларға бағытталған.

Аймақтар • 31 Желтоқсан, 2024

Мамания мектебінің мәртебесі көтерілді

Қазақ даласындағы алғашқы білім ордасының бірі – «Мамания»  мектебінің 125 жылдығына орай «Қарағаштағы білімнің қара шаңырағы» атты облыстық байқау өтті. Ақсу жеріндегі ақыл майданына аудан-ауданнан келген білікті мамандар бақ сынады. Байқауды облыстық білім басқармасы мен аудандық білім бөлімі ұйымдастырды, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2024

Жетісуда 72 кәсіпкерге заңсыз салық салынған

Жетісу облысының прокуратурасы «Заң және Тәртіп» идеологиясын бекіту аясында салық органдарының заңсыз әрекеттерінен жеке кәсіпкерлердің құқықтарын қорғады.

Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2024

Жетісуда турорталықтар бас қосты

Өңірде қысқы туризм дамып келеді. Осы ретте «VISIT ZHETYSU» туристік ақпараттық орталығы Текелі қаласы мен Ескелді ауданының туристік потенциалын арттыру мақсатында ақпараттық тур өткізді.

Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2024

Талдықорғанда жаңа аудандар жасақталады

Талдықорған қаласының тұрғындарымен кездесуінде облыс әкімі Бейбіт Исабаев облыс орталығын дамытудың негізгі бағыттарын атап көрсетті.

Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2024

Үстел теннисі орталығы ашылды

Талдықорғанда үстел теннисі орталығы ашылды. Нысан жергілікті жеке кәсіпкердің қаржысына салынған. Халық­аралық стандартқа сай спорт ғимараты жастарды үстел теннисіне баулып қана қоймай, шахматты да үйретеді.

Аймақтар • 20 Желтоқсан, 2024

Жетісудың олжасы – 43 өндіріс

Аграрлы өңірдің ауыл шаруашылығы саласындағы өнімі былтырмен салыстырғанда екі есе өскен. Оның ішінде қант қызылшасы 630 мың тоннадан асты. Облыс құрылғалы 43 өндіріс орны іске қосылып, 9 өндіріс орны кеңейтілді. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 112,3% құрады. Жыл басынан бері 396 млрд теңге инвестиция тартылған, оның 291 млрд-ы жеке инвестиция саналады.

Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2024

Жетісудағы тұңғыш иппотерапия орталығы

Тағдырдың тәлкегіне түскен ерекше қажеттілігі бар балаларға қолдан келгенше көмек көрсеткен абзал. Осы ретте Жаркент қаласында тұңғыш рет иппотерапия орталығы ашылды. Аталған нысанда емделушілерге атқа мінгізу арқылы ем-дом жасалады. Бұл ерекше күтімге мұқтаж жандарға жәрдем беретін бірден-бір табиғи емдеу әдісі саналады.