Қала басшысының мәліметінше, қазіргі таңда қолданыстағы лицей ғимараты моральдық тұрғыдан ескіріп, күрделі жөндеуді қажет етеді. Осыған байланысты жаратылыстану бағытындағы және дарынды балаларға арналған заманауи талаптарға сай жаңа оқу орнын салу туралы шешім қабылданған.
Бұдан бөлек, Талдықорғанда білім беру инфрақұрылымын кеңейтуге арналған бірнеше жоба қолға алынған. Атап айтқанда, «Құлагер» және «Батыс» шағын аудандарында әрқайсысы 1200 орындық жаңа мектептердің жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, құрылыс жұмыстары келесі жылы басталады деп жоспарлануда.
Айта кету керек, бүгінде қала мектептерінде 37 мыңнан астам оқушы білім алуда. Оның ішінде шамамен 4 мың бала – биыл мектеп табалдырығын аттаған 1-сынып оқушылары.