Футбол • Бүгін, 17:59

Килиан Мбаппе «Челси» сапына ауысуы мүмкін

1 мин
оқу үшін

«Челси» клубы «Реал Мадрид» шабуылшысы Килиан Мбаппені өз қатарына қосуға мүдделі. Лондондық клубтың жаңа бас бапкері Хаби Алонсо француз форвардын «Стэмфорд Бриджде» көргісі келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Килиан Мбаппе «Челси» сапына ауысуы мүмкін

Фото: Ашық дереккөз

Осыған байланысты ағылшын клубының өкілдері футболшының анасы әрі агенті Файза Ламаримен байланысқа шыққан. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, Алонсо мен Мбаппе арасында мадридтік клубтағы бірлескен жұмыс кезінде жақсы қарым-қатынас қалыптасқан.

Бұған дейін шетелдік БАҚ-та футболшының «Реалдағы» жағдайына көңілі толмайтыны туралы ақпарат тараған болатын. Атап айтқанда, «Бетиске» қарсы матч алдында Мбаппе мен бапкерлер штабы мүшелерінің бірі арасында келіспеушілік болғаны хабарланған.

Моуриньо корольдік клубқа қайта оралады: «Реал» екі жылдық келісімшарт ұсынды

Сондай-ақ жанкүйерлер корольдік клубтың соңғы уақыттардағы сүреңсіз ойын көрсетіп жүргендігін клуб көшбасшылары Мбаппе мен Винисиус Жуниордің қарым-қатынасымен байланыстырады. Еске сала кетсек, бұған дейін испандық клуб ойыншылары арасындағы жанжал туралы жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар