Саясат • Бүгін, 17:21

Министрлік Ресей тыңшысы деген күдікпен ұсталған азаматқа қатысты пікір білдірді

1 мин
оқу үшін

Сыртқы істер министрлігі Берлин қаласында ұсталған Қазақстан азаматына қатысты пікір білдірді. Германия билігі оны барлау қызметіне қатысы болуы мүмкін деп күдікпен ұстаған болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрлік Ресей тыңшысы деген күдікпен ұсталған азаматқа қатысты пікір білдірді

Фото: Ашық дереккөз

Сыртқы істер минстрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев Германияның құзырлы органдарының мәліметіне сәйкес, Қазақстан азаматы 29 сәуір күні ұсталғанын растады. 

«Сыртқы істер министрлігі Германия Федеративтік Республикасының құзырлы органдары ұсынған ақпаратқа сәйкес, 29 сәуірде Қазақстан азаматының барлау қызметіне қатысы болуы мүмкін деген күдікпен ұсталғанын растайды», деді Ерлан Жетібаев.

Министрліктің мәліметінше, ұсталған азамат Қазақстанның елшілігіне немесе консулдығына көмек сұрап жүгінбеген. Ведомство консулдық және құқықтық көмек көрсету үшін азаматтың жеке өтініші қажет екенін атап өтті.

Еске сала кетейік, Германияның қылмыстық полициясы ұстаған Қазақстан азаматы 2025 жылдың мамыр айынан бастап Ресей барлауымен байланыста болды деген күдікке ілінген. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол Германияның Украинаға әскери көмегі, неміс қорғаныс өнеркәсібі, әсіресе дрондар мен роботтарды әзірлеуші кәсіпорындар туралы ақпарат беріп келген.

Бұған дейін Таяу Шығыстан азаматтарды эвакуациялауға қанша шығын кеткендігін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар