Қоғам • Бүгін, 22:27

Астанада Керей Жәнібек хандары көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

1 мин
оқу үшін

Астанада Керей Жәнібек хандары көшесінің Ә. Бөкейхан көшесінен Ш. Мұртаза көшесіне дейінгі аралығында жөндеу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz

Астанада Керей Жәнібек хандары көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Елорда әкімдігінің ресми сайты мәліметінше Астанада Керей Жәнібек хандары көшесінің Ә. Бөкейхан көшесінен Ш. Мұртаза көшесіне дейінгі аралығында жөндеу жұмысы жүргізіледі.

Осыған байланысты, 21-25 мамыр аралығында аталған учаскеде қозғалыс толықтай жабылатын болады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

Соңғы жаңалықтар