Өндіріс • 12 Қараша, 2024
Әйнектен жіп иіретін бірегей кәсіпорын
Жетісуда цех пен зауыт көбейіп келеді. Мәселен, «Класс стекло» шағын кәсіпорны әйнек үгіндісін балқытып, жіп иіріп, құрылыс материалдарына пайдаланады. Бүгінде өнімін өзге өнірлерге де тасымалдап, болашақта үлкен зауытқа айналуды көздеп отыр. Оның үстіне бұған сұраныс та жоғары.
Бизнес • 12 Қараша, 2024
Мемлекеттік грант – кәсіпкерге демеу
Жетісулық кәсіпкер мемлекеттік грант арқылы оңалту орталығына арналған құрал-жабдық сатып алған. Енді бірі ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған түзету орталығын ашқан. Екеуі де 5 млн теңгелік қайтарымсыз қаржы ұтып алып, бизнеске тәуекел етті.
Аймақтар • 11 Қараша, 2024
Жетісуда мал ұрлығының 80 фактісі тіркелді
Оның ішінде полиция қызметкерлерімен 46 қылмыс ашылып, ұрлыққа қатысы бар 25 күдікті тұлғаға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. Бұл туралы Б.Құранбек атындағы Журналистер үйінде өткен баспасөз-мәслихатында облыстық ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Мади Бағдат баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мектеп • 09 Қараша, 2024
Жетісуда биыл 17 білім мекемесі ағымдағы жөндеуден өтті. Қосымша 5 мектептің құрылысы басталып, бүгінде біртіндеп оқушыларды қабылдап жатыр. Ең бастысы, сол нысандардың екеуі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған. Күні кеше жаркенттіктер дәл сондай заманауи білім ордасының есігін ашып, көптен күткен ата-аналардан сүйінші сұрады. Бұл – облыстағы шекаралық ауданы саналатын Панфиловтегі 1200 орынды алғашқы жайлы мектеп.
Аймақтар • 09 Қараша, 2024
Өңірдің экономикалық көрсеткішінің негізгі локомотиві – ауыл шаруашылығы саласы. Аграрлы бағытқа бет бұрған шағын және орта бизнес субъектісі көбейді. Тіпті олардың өнімдегі үлесі 33%-дан асты. Бүгінде 13 700 гектарға егілген қант қызылшасының 63%-ы ғана жиналды. Түсім – 615 мың тонна. Зауыттар оның жартысынан көбін қабылдап, өңдеп жатыр. Қазірдің өзінде өндіріс орындарына тәтті түбір сыяр емес.
Аймақтар • 08 Қараша, 2024
«Береке» қалашығының келешегі зор
Талдықорғандағы «Береке» коттедж қалашығының бұрыннан келе жатқан даулы құрылысы туралы оқырман қауым жақсы біледі. Бүгінде сол тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Жақында 97 үйдің кілті табысталады. Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев пен Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл мердігерлердің жұмысын жіті бақылауында ұстап отыр.
Есірткі • 06 Қараша, 2024
Жетісуда есірткі саудалаған азамат сотталды
Жетісу облысында синтетикалық есірткі саудалаған азаматқа қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Қараша, 2024
Жетісу ауылдарын жандандыруға ең алдымен қалыпты жол, содан соң жаңа әлеуметтік нысандар қажет. Жүйелі жұмыс бар жерде халық тұрақтайды. Осы тұрғыда облыс әкімі Бейбіт Исабаев ауылдарға көбірек көңіл бөліп келеді. Айталық, шалғайдағы Көпбірлік ауылына отыз жылдан соң жаңа жол салынды. Талай жыл халықты қинап келген ауызсу мәселесі де шешілді. Көп ұзамай мұнда медициналық кешен мен мәдениет үйі салынбақ.
Шаруашылық • 04 Қараша, 2024
Алакөлдік диқандардың өнімі мол
Қазір шаруалардың жаз бойы күтіп-баптап өсіргендерін жинап, еңбек жемісіне кенелетін берекелі де мерекелі шақтарының бірі. Сондықтан қант қызылшасын өсіруге ден қойған Алакөл диқандары да күздің әр күнін қалт жібермей, науқандық жұмыстарға қауырт іске кіріскен.
Аймақтар • 31 Қазан, 2024
Жетісу облысының бірқатар ауылы көптен күткен табиғи газға қол жеткізді. Талды ауылында бұрын-соңды болмаған саябақ халық игілігіне берілді. Ал Көксу ауданының Балпық би, Жарлыөзек ауылдарындағы 17 үйдің құрылысы аяқталып, кілті тұрғындарға табысталды.