Қоғам • Бүгін, 08:38

Атқа мінудің артықшылығы

10 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Жетісу облысында ерекше күтімді қажет ететін балаларды қолдауға бағытталған оңалту жүйесі кезең-кезеңімен дамып келеді. Бүгінде бұл бағытта қызмет көрсететін 9 мекеме бар. Онда жыл сайын 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі шамамен 800-дей бала оңалтудан өтеді. Алдағы уақытта жаңа нысандар салу көзделген. Өкінішке қарай, сауықтыруға мұқтаж бүлдіршіндердің де саны артып келеді.

Атқа мінудің артықшылығы

Суреттерді түсірген – Жұмабай МҰСАБЕК

Өңірде жұмыс істеп тұр­ған бірнеше мекеме жүздеген баланың өмір сапасын жақсартуға, олар­дың қоғамға бейімделуіне үлес қосып отыр. Соның ішінде атап айтатыны – атқа міну арқылы ерек­ше қажеттіліктері бар бала­лар­­ды оңалтуды жүзеге асыратын Иппотерапия орталығы.

«Мұндағы оңалту орталық­тарының ерекшелігі – дәстүрлі емдеу тәсілдерімен қатар инно­ва­циялық бағыттардың енгізілуі. Соның бірі – иппотерапия, яғни жылқы көмегімен емдеу әдісі. Бұл тәсіл балалардың бұлшық еттерін нығайтып қана қоймай, олардың эмоциялық жай-күйіне де оң әсер етеді. Иппотерапия сабақтары әсіресе тірек-қимыл жүйесінде ақауы бар, психоэмоциялық тұрақсыздық байқалатын бала­ларға өте тиімді. Жылқымен жұмыс істеу барысында баланың сенімі артып, қорқынышы азая­ды. Бірнеше айдың ішінде қозғалыс белсенділігі жақсарып, эмоциялық байланыс орнай бас­тайды», дейді «Мерей» балаларды оңалту орталығы директорының орынбасары Ардақ Бақытқызы.

Иппотерапия орталығы «Ме­рей» балаларды оңалту орта­лы­ғының базасында ашыл­ған. «Мерей» орталығына облыс әкімінің Панфилов ауданы, Жаркент қаласындағы бұрынғы резиденциясы арнайы бейімделіп беріліп, жөндеу жұмыстары жүргізіліп, орталық қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған еді. Иппотерапиядан басқа орталықта 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі балалар сегіз бағытта сауықтыру емін алады, мұнда 55 адам жұмыс істейді. Қазірде мекемеде 40 бала оңалту шараларын қабылдап жатыр.

лл

Соның ішінде тірек-қимыл аппараты бұзылған, жүйке жүйесінің жұмысында жеңіл ауытқуы бар балалар да бар. Оларға бассейн, физиотерапия, емдік денешынықтыру, массаж, гидро­мас­саж кабинеттері, емдеу каби­­неті, тұз шахтасы, еңбек тера­пиясы кабинеті қарастырылған. Меке­­­менің балаларды тасы­мал­­­­­дауға арналған автобусы да бар. Бұл нысан көптеген отба­­­­сы үшін үлкен тірекке айналды. Мамандардың кәсіби еңбегі мен ата-аналардың сенімі тоғысқан осындай орталықтар балалардың болашағына жол ашып, олардың толыққанды өмір сүруіне мүм­кіндік береді. Оны иппотерапия сабақтарына қатысатын Хадиджаның анасы­ның аузынан естідік.

«Қызым 6 жаста, Даун синдромы бар. «Мерей» орталығына бірнеше жыл бойы бардық, онда иппотерапия сабақтары өткізіле бастағанда қатты қуандық. Сабақтан кейін балам жағымды эмоцияларын білдіріп, өзін бақытты сезінеді. Жылқымен байланыс балаға физикалық жағы­нан ғана емес, эмоционалды тұрғыда да пайдалы. Алғашқы сабақтардан бастап-ақ қызымның көңіл-күйі жақсарып, сабырлы бола түскенін, бойында сенімділік пайда болып, қызығушылық таныта бастағанын байқадым. Бар ықылас-пейілдерімен жұмыс істейтін мамандарға шын жүрек­тен алғысымды білдіремін», дейді Ажарбуви Имерова.

Бүгінде «Мерей» орталығында 40 бала болса, соның 33-і иппотерапия сабақтарына қатысады. Бір жыл ішінде 7 баланың жағдайы жақсарғаны байқалған, яғни үш баланың психоэмоциялық көңіл күйі тұрақталып, төрт баланың тірек-қимыл жүйесінің жұмысы жақсарыпты.

Облыс әкімінің баспасөз қыз­метінің мәліметінше, жыл­қының балаларға беретін жақсы энергиясы көп. Балаларды оңалтумен арнайы дайындықтан өткен екі жаттықтырушы айналысады. Дәрігердің ұсыныстарына қарай сабақтар аптасына 2-3 рет ауданы 400 шаршы метр болатын арнайы салынған жабық аренада өткізіледі. Иппотерапия аяққа тұруға, жүруді жақсартуға көмектеседі, арқа бұлшық еттерін күшейтеді, вестибулярлық аппаратты жаттықтырады, жалпы денсаулықты жақсартумен қатар, баланың дамуына оң әсер етеді.

Ең бастысы, балаларға көрсе­тілген көмектің нақты нәти­жесін күнделікті өмірде ата-аналар сезініп отыр. Орталыққа баласын әкелетін ата-аналар оң өзгерістерді жасырмай айтады. Тағы бір ем алушы Мадиярдың анасы да орталық жұмысына риза. Оның орталықтан ем алып жүргеніне екі жылдан астам уақыт болған.

«Иппотерапия бізге көп көмектесті. Мадияр атқа мінуді ұнатады, көңіл күйі бірден жақ­сарады. Иппотерапияға дейін Мадиярдың аяқ-қолы әлсіз болды, тепе-теңдігін ұстай алмайтын. Қазір аяқ-қолдарының бұлшық еттері нығайды, аяғын баса алатын болды», дейді Мақпал Өскенбаева.

Мұндай орталықтардың дамуы – қоғамның әлеуметтік жауап­­кершілігінің көрінісі. Ерек­ше балаларға қолайлы орта қалып­тастыру арқылы өңірде инклю­зивті қоғам құруға нақты қадам жасалып отыр.

 

Жетісу облысы 

Соңғы жаңалықтар

Термо шам

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:18

Face ID қалай пайда болды?

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:15

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:12

Кетбұқа сұлтанның теңгесі

Жәдігер • Бүгін, 09:10

Кака кетіп, Какау келді

Спорт • Бүгін, 09:02

Фонограмманы заң шектей ала ма?

Мәдениет • Бүгін, 09:00

Ұшқышсыз авиация орталығы

Университет • Бүгін, 08:55