Қоғам • Бүгін, 09:05

ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі

10 мин
оқу үшін

Өндіріс орындарында оқыс оқиға болған жағдайда жұмыскерлердің жарақаттану деректері аз емес. Кейде мұндай жағдайлардың салдары ауыр болып, адам өміріне де қауіп төндіреді. Сондықтан еңбек қауіпсіздігімен қатар, жұмыскерді әлеуметтік қорғау мәселесі де ерекше маңызға ие. Жазым аяқ астынан болғанымен, оның зардабын азайтуға мүмкіндік беретін тетіктер бар. Соның бірі – еңбек қызметіне араласқан жұмыскерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру (ЖОМС). Мақалада аталған сақтандыру түрінің маңызы, оның жұмыскер мен жұмыс беруші үшін беретін кепілдіктері, сондай-ақ жүйенің қазіргі ахуалы туралы сөз қозғадық.

ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі

Еңбек қызметіне ара­ласқан жұмыскер­лер­ді жазатайым оқи­ға­лар­дан міндетті сақтандыру – әлеуметтік қорғаудың маңызды элементтерінің бірі. Мұндағы басты мақсат – өндірістік жара­қат алған, кәсіптік еңбекке қабі­леттілігін жоғалтқан немесе ең­бек қызметіне байланысты ден­саулығына айтарлықтай зиян келген жұмыскерге қаржылық қолдау көрсе­ту. Бүгінде бұл бастама өмірді сақтан­дыру жүйесінде ерекше орын алады. Бірінші­ден, ол маңызды әлеуметтік функ­цияны атқарса, екінші­ден, сақтан­дырудың бұл түрі нақты бағалауды, жеткілікті резервтерді және тұрақты қаржы­ландыру тетігін талап ететін ұзақ­мер­зімді міндеттемелерді қамтиды. Сондықтан ЖОМС жүйесін одан әрі дамыту барысында жұмыскердің, жұмыс берушінің, мемлекеттің және сақтандыру нарығының мүдделері ескерілуге тиіс. Жаңа Ата заңның 28-бабында: «Қазақстан Республикасы­ның азаматына жасына кел­ген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды не­гіз­дерде ең төменгі жалақы мен зей­нетақы мөлшерінде әлеуметтік қамсыздандырылуына кепіл­дік беріледі», деп атап көрсетілген.

Жазатайым оқиғалардан мін­детті сақ­тан­дыру көбіне жұмыс беруші заңна­­ма талапта­рына сәйкес жасасатын жыл сайын­ғы с­тандартты шарт ретін­де қа­былданады. Егер жұмыскерге кәсіптік еңбекке қабілет­тілігін жоғалту дәрежесі белгіленсе, төлемдер аннуи­тет­тік сипатқа ие болады. Соған сәй­кес сақтанды­ру компаниясы зардап шек­кен адамның жасын, еңбекке қабі­лет­тілігін жоғалту дәрежесін, төлем мерзі­мін және актуарлық есептеулерді қоса алғанда өзге де параметрлерді еске­ріп, болашақ төлемдерге алдын ала ре­зервтер қалыптастырады. Сол себепті ЖОМС бойынша төленетін сақ­тан­дыру сыйлықақысын сақ­тан­дыру ком­паниясының еркін кірісі ретінде қарас­тыруға болмайды. Қаражаттың едәуір бөлігі сақтандыру резервтерін қалып­тастыруға және зардап шеккен жұмыс­керлер алдындағы бола­шақ міндет­темелерді орындауға бағытталады.

«Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ басқарма төр­ағасы Қуаныш Мұқа­­жанов жаза­тайым оқиғалардан міндет­ті сақ­тандырудың маңызы жоға­ры екенін атап өтті. Оның айтуын­ша, өмір­ді сақтандыру компа­ния­ларының қызме­тін бағалауда жиналған сақтандыру сыйлық­­ақыларының көлеміне ғана емес, төлемдерге, резервтерге, мін­дет­темелер құрылымына және олардың ұзақмерзімді тұрақты­лығына да назар аудару қажет.

«Былтыр өмірді сақтандыру секторы­ның сақтандыру сый­лықақыларының жалпы көлемі 1,08 трлн теңгеге жетті. Оның ішінде ЖОМС үлесіне 154,9 млрд теңге немесе өмірді сақтандыру компаниялары нарығының 14,3 пайызы тиесілі болды. Бұл ретте жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бойын­ша төлемдер көлемі 45,4 млрд теңгеге жетіп, өмірді сақтандыру секторындағы барлық төлемдердің 29,1 пайызын құрады. Бұл аталған бағыттың әлеуметтік маңызы жоғары әрі төлемдік жүктемесі елеулі екенін көрсетеді.

Биылғы бірінші тоқсанда сек­торға түсетін жүктеме де жо­ғары деңгейде сақталды. Үш айдың қо­рытындысында өмір­ді сақ­тан­дыру нарығы 17,2 па­йыз­ға өсіп, сақтандыру сый­лық­­ақыларының көлемі 258,8 млрд теңгеге жетті. Төлемдер көлемі де 48,7 пайызға артып, 47,7 млрд теңгені құрады. Биыл­ғы қаңтар-наурыз айларында ЖОМС сегментінде 56 млрд тең­ге көлемінде сақтандыру сый­лықақысы жиналды. 2026 жылғы

1 сәуірдегі жағдай бойынша өмір­ді сақтандыру секторының жиын-­

тық сақтан­дыру резервтері 1,918 трлн теңгеге, ал активтері 2,376 трлн теңгеге жетті», деді Қ.Мұқажанов.

Өндірісте жарақат алған адам уақытша табысынан айыры­лып қана қоймай, денсаулығына, еңбекке қабілеттілігіне және өмір сүру сапасына ұзақмерзімді әсер ететін салдарларға тап болуы мүмкін. Сондықтан ЖОМС жүйесін одан әрі дамыту мәселе­сін талқылағанда қаржылық көрсет­кіштермен қатар, оның әлеу­­мет­тік маңызын да ескеру қажет. Өндірістік жарақат адамның өзі­не ғана емес, оның отбасы­­ның өмі­рі­не де әсер етеді. Әсіресе кәсіп­тік еңбекке қабілеттілігінен толық айы­рылу – үлкен соққы. Сондықтан зардап шеккен жұ­мыскерлерді зейнет жасына жеткеннен кейін де ұзақмерзімді қолдау мәселесі ерекше назар аударуды талап етеді. Бұл мәселе кешенді түрде қарастырылуға тиіс.

Мамандардың айтуынша, жа­зата­йым оқиғалардан міндетті сақ­тандыру жұмыс беруші үшін де маңызды. Ол өндірістегі жазатайым оқиғалардан кейін туындайтын орындалмаған міндеттемелер тәуекелін төмендетуге әрі жұ­мыскерге келтірілген зиянды өтеу­дің неғұрлым болжамды тетігін қалыптастыруға мүмкіндік бере­ді. Болашақта ЖОМС жүйесін дамыту тәуекелге бағдарланған неғұрлым нақты тәсілдер арқы­лы жүзеге асырылуы мүмкін. Мұн­дай тәсіл экономикалық қызмет түрін ғана емес, кәсіпорын­ның нақты көрсеткіштерін де ескеру­ді көздейді. Атап айтқанда, жара­қаттану деңгейі, жазатайым оқи­ғалар­дың ауырлығы, еңбекті қор­ғау сапасы, жұмыскерлер саны, өндіріс жағдайы және про­филактикалық шаралардың дең­гейі назарға алынады. Бұл өнді­рістік тәуекелі жоғары кәсіп­орын­дарға тиісті жүктемені есепке алып, еңбек қауіпсіздігіне инвестиция салатын жұмыс беруші­лерді тәуекелдерді төмен­детуге ынталандыратын теңгерімді модель қалыптастыруға мүмкіндік

береді.

Жазатайым оқиғалардан мін­детті сақтандыру тетігін әлі де жетілдіру қажет. Өйткені бұл – жұмыс берушінің, мемлекеттің және сақтандыру компания­ларының мүдделері тоғысатын кешенді жүйе. Жұмыскер өзін сенімді қорғайтын ортада еңбек еткенде ғана алаңсыз жұмыс істей алады. Ал жұмыс беруші өз жауапкершілігін адал атқарып, өн­ді­рістік тәуекелдерді азайту­ға күш салуға міндетті. Мемле­кет үшін жүйенің әлеу­меттік тұрақтылығын қамтамасыз ету маңызды. Сондықтан сақтандыру секторына ұзақмерзімді міндет­темелерді орындау жүктеледі.

Жұмыс беруші қызметкерді жұмыс­қа қабылдаған сәттен бастап сақтандыру­шымен қыз­мет­керді жазатайым оқиға­лар­дан міндетті сақтандыру шартын жаса­суға міндетті. Сақтандыру шартын жа­самаған жұмыс беру­шілерге «Әкім­ші­лік құқық бұзу­шылық туралы» кодекс­­тің 230-бабының 2-тармағына сәй­кес жауапкершілік қарастырыл­ған. Жеке тұлғаларға – 10 АЕК ­

(43 250 теңге), лауа­зымды адам­­дар­ға, жекеше нотариус­тарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсіп­керлік субъектілеріне немесе коммер­циялық емес ұйымдарға – 160 АЕК (692 000 теңге), орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 400 АЕК (1 730 000 теңге), ал ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 1000 АЕК (4 325 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.

Мемлекеттік еңбек инспек­циясы Шым­кент қалалық депар­таментінің бас­шы­сы Жеңіс Мақұл­баевтың айтуынша, жұмыскер қызметтік міндеттерін орын­дауға кіріспес бұрын жазатайым оқиғалардан міндетті сақтан­дыру шарты да жасалуға тиіс.

«Департамент тарапынан жаза­тайым оқиғалардың алдын алу мақсатында бірқатар жұмыс атқарылып жатыр. Мемлекет­тік еңбек инспекторлары еңбек ұжымдарында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелерін талқылап, тұрақты түрде семинар-кеңестер өткізеді. Сонымен қатар жазатайым оқиғаларға арнайы тергеп-тексеру жүргізу, жоспардан тыс тексерулер ұйымдастыру және профилактикалық бақылау шаралары барысында түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүр­гізіледі. Жергілікті құрылыс басқармасы мен прокуратура органдары өкілдерінің қатысуымен қаладағы құрылыс нысандарында және жа­затайым оқиғалар орын алған еңбек ұжым­дарында еңбек заңнамасын түсін­діру жұмыстары да жүзеге асырылады.

Биылғы бес айда 13 еңбек ұжымында еңбек қауіпсіздігі және кәсіптік тәуе­кел­дерді бағалау жұмысы жүргі­зіл­ді. Сондай-ақ

14 кәсіпорында профилак­тикалық бақылау жүзеге асырылды. Бұдан бөлек, өндірістік нысандарда­ғы еңбек жағдайларын аттестаттау және жұмыс берушілердің өз жұмыскерлерін жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша шарт жасасуына мониторинг жүргізіледі», дейді Ж.Мақұлбаев.

Жұмыскерлер жазатайым оқиға салдарынан зардап шеккен жағдайда өтемақы бірнеше тетік арқылы төленеді. Нақты айтқанда, Азаматтық кодексте жа­рақатқа байланысты емделу шы­ғын­дарының өте­ле­тіні көрсетілген. Сонымен қатар Еңбек кодексіне сәйкес, жұмыскер жеңіл немесе ауыр жарақат алған жағдайда тиісті тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп, жұмыс беруші тара­пынан еңбекке жарам­сыз­дық кезе­ңінде орташа жалақысы төленеді.

Егер жұмыскерге мүгедектік белгі­ленсе, жұмыс беруші оның еңбекке жа­рам­сыздық парағына сәйкес орташа жала­қысын төлейді. Сонымен қатар емдеу шығында­ры өтеледі және еңбекке қабілетті­лігін жоғалту деңгейіне қарай ай сайынғы төлемдер тағайындала­ды. Жазатайым оқиға салдарынан жұмыс­кер қайтыс болған жағдай­да жерлеу шығындарын өтеуге 100 АЕК мөлше­рін­де қаражат қарастырылады. Асырау­шысы­нан айырылған отбасы мүшелері­не ай сайынғы төлем төленеді. Кәмелетке толмағандарға он сегіз жасқа толғанға дейін, ал күндіз­гі оқу нысанында білім алатын он сегіз жас­тан асқан тұлғаларға оқуын аяқтағанға дейін өтемақы төлеу қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар

Болған ана шапаны

Руханият • Бүгін, 09:47

Жастар жиі оқитын кітаптар

Қоғам • Бүгін, 09:44

Әлемдік додада топ жарды

Технология • Бүгін, 08:50

Пайдасы көл-көсір көмір күлі

Аймақтар • Бүгін, 08:49

Ғабит ғибраты

Руханият • Бүгін, 08:45