Технология • Бүгін, 08:50

Әлемдік додада топ жарды

2 мин
оқу үшін

Алматы қаласындағы Медеу ауданының жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары АҚШ-та өткен халық­аралық роботтехника турнирінің абсолютті чемпионы атанды.

Әлемдік додада топ жарды

«Western Edge Premier Event» – АҚШ-та өтетін халық­аралық «FIRST» роботтехника қозғалысының ең беделді жарыстарының бірі. Бұл турнирге әлемнің түкпір-түкпірінен үздік командалар қатысады. Олар робот құрастыру, бағдар­ламалау, инженерлік шешім­дер және командалық жұмыс бойынша бақ сынайды. Атал­ған жарыстың ерекшелігі – командалар тек робот­­тың тех­никалық мүмкіндігін ғана емес, инновациялық шешім­дерін, қоғамға пайдасын және коман­­даның жұмысын да көрсетеді.

Лос-Анджелесте өткен турнирге 10-нан астам елден 88 команда қатысты. Еліміздің намысын қорғаған «PHOBOS» командасы бірінші орынды қанжығасына байлады. Сонымен қатар команда турнирдің «Inspire Award Winner – Sea Division Inspire Award Winner», «Western Edge Premier Event Winning Alliance Captain»,  «Sea Division Winning Alliance Captain», «Western Edge Premier Event PHOBOS» сияқты төрт бірдей марапатына қол жеткізді. 

Айта кетейік, «PHOBOS» командасымен бірге ел намысын Алматы қаласының «Qazaq Style» және «UlyDala» командалары да қорғады. Сондай-ақ Ақтөбе қаласының «GAMBIT» командасы озық инженерлік шешімдері мен техникалық құжаттамасының жоғары деңгейі үшін «Think Awar 2nd Place» марапатына ие болды.

Тағы бір маңызды жаңалық NIS Шымкент-Абай мектебінің оқушылары Кентукки штатының Лексингтон қаласында өткен «Run for the Robots» халықаралық турнирінде жоғары нәтиже көрсетті. Мектептің «Atomic Heart» командасы қазылар алқасының ең жоғары марапаты – «Inspire Award» жүлдесін алды. Тартысты додаға АҚШ-тың 25 штатынан және Пуэрто-Рико, Бразилия, Қазақстаннан 70-тен астам команда қатысты.

Фариза ІЗБАСАРОВА,

Л.Н.Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық университетінің 2-курс студенті

Соңғы жаңалықтар

Болған ана шапаны

Руханият • Бүгін, 09:47

Жастар жиі оқитын кітаптар

Қоғам • Бүгін, 09:44

Әлемдік додада топ жарды

Технология • Бүгін, 08:50

Пайдасы көл-көсір көмір күлі

Аймақтар • Бүгін, 08:49