Бүгін қала ішіндегі барлық бағытта қатынайтын автобустар таңғы сағат 07:00-ден кешкі 19:00-ге дейін жолаушыларды ақысыз тасымалдап жатыр. Бұл шара тұрғындардың дауыс беру учаскелеріне еш кедергісіз жетуіне жағдай жасап, ел болашағына қатысты таңдау жасауына қолайлы мүмкіндік беріп жатыр.
Әсіресе, мұндай жеңілдіктің қала шетінде тұратын азаматтар, қарттар мен зейнеткерлер, сондай-ақ көпбалалы отбасылар үшін маңызы ерекше.
Қоғамдық көліктің тегін жүруі тұрғындардың белсенділігін арттырып, дауыс беру учаскелеріне баруды жеңілдетті. Бұл – халыққа көрсетілген нақты әлеуметтік қолдаудың бір көрінісі.