Қоғам • Бүгін, 08:40

Көпбалалы отбасы қуанышы

0 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Көктемнің шуақты мерекесі қарсаңында жетісулық көпбалалы аналар көптен күткен баспаналарына ие болды. Жеке үйлер мен пәтерлердің кілті Талдықорған қаласы мен Көксу ауданының тұрғын үй кезегінде тұрған аналарға берілді. Осылайша, 35 отбасы қоныс тойын тойлады.

Көпбалалы отбасы қуанышы

Суретті түсірген – Жұмабай МҰСАБЕК

Ел ішінде әлеуметтік қол­дауды күшейту бағытын­дағы маңызды қадамдар­дың бірі – көпбалалы аналарды бас­панамен қамту. Осы бағытта облыс орталығында әлеумет­тік осал санаттағы 28 отбасы үйлі болды. Оларға бір, екі және үш бөлмелі бас­пана кілт­тері та­бысталды. Беріл­ген тұрғын үйлер қаланың «Жастар-3» тұрғын үй ала­бы­нан, «Шығыс» шағын ауда­­нынан және Қадырғали Жа­лайыри даңғылында орна­лас­қан. Жаңа пәтерге қол жет­кізіп, қуанышы еселенген жан­дардың қатарында көп балалы ана Бақыт Бозтаева да бар.

– Осы күнді ұзақ күттім, тұрғын үй кезегінде 10 жыл­ға жуық уақыт тұрдым. Үш бөлмелі пәтердің кілтін алдым. Алты баланың анасымын, «Күміс алқа» иеге­рімін. Балаларымның өз шаңы­рағы, жылы әрі жайлы бас­панасы болғанына шексіз қуаныштымын, – деді ол.

Кейінгі жылдары өңірде әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үйлердің құрылысы қарқын алған. Мемлекеттік бағдарламалар аясында көпбалалы, толық емес және ерекше қажетті­лігі бар балалары бар отба­сы­ларға басымдық беріліп келеді.

– Он бір жылдан бері ке­зек­те тұрдық, бүгін бас­паналы болу туралы арманы­мыз орындалды. Бізбен бір­ге қуанышқа кенеліп жат­қан көршілеріміздің де жаңа пәтерлерінің іші құт-берекеге толы болсын, – дейді Элеонора Харитонова.

Көксу ауданының Бал­пық би, Жамбыл, Зылиха Тамшыбай ауылдарында жал­пы саны 7 үй қолда­ныс­қа берілді. Жеке тұр­ғын үй кілттеріне кезекте тұр­ған әлеуметтік осал топ­­тағылар, атап айтқанда, то­лық емес және көпбалалы от­басылар, жетім балалар мен ата-аналарының қам­қор­лығынсыз қалған балалар санатындағы азаматтар ие болды. Көп жылдан бері кезек­те тұрған отбасыларға бұл күн – үміттің ақталған, арман­ның орындалған сәті.

– 2016 жылы тұрғын үй кезегіне тұрғанмын. Толық емес отбасы санаты бойынша баспана алып отырмын. Балаларымның өз шаңырағы бар болғанына қуанышты­мын. Осындай қолдау мен қам­қорлық көрсеткені үшін мемлекетімізге ризамыз, – дей­ді Весняна Белова.

Облыс әкімі баспасөз қыз­метінің мәліметінше, Тал­­ды­қорған қаласында өткен ­жылы 600-ден астам тұрғын бас­паналы болса, осы жылдың басынан бері 120-ға жуық азамат өз пәтер­ле­ріне қол жеткізді. Ал Көксу ауданында 2022–2024 ­жылдар аралығында 188 отбасы баспанаға ие болды. Оған қоса әлеуметтік осал санатын­дағы отбасылар үшін 90 жеке тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Жыл соңына де­йін кезекте тұрған азаматтарға бұл үйлер кезең-кезеңі­мен та­бысталады.

 

Жетісу облысы 

Соңғы жаңалықтар

Нәзік иықтағы ауыр жүк

Әйел әлемі • Бүгін, 09:35

Арманына жеткен ару

Әйел әлемі • Бүгін, 09:30

Талапкерге қанат бітірген

Әйел әлемі • Бүгін, 09:25

Мейрам қарсаңындағы марапат

Тағзым • Бүгін, 09:20

Ел анасы, ерте оянған санасы...

Әйел әлемі • Бүгін, 09:10

Қазақ әйелдерінің шежіресі

Тарих • Бүгін, 09:05

Шаршы тақтаның шаһбазы

Шахмат • Бүгін, 09:00

Шекісудің де қайыры бар

Спорт • Бүгін, 08:50

Жерлесіміздің 20 жетістігі

Спорт • Бүгін, 08:45

Көпбалалы отбасы қуанышы

Қоғам • Бүгін, 08:40

Нәрестені ширатқан орталық

Аймақтар • Бүгін, 08:35

Көптің аманатын арқалаған

Әйел әлемі • Бүгін, 08:30