Спорт • Бүгін, 02:05

Катар мен Швейцария құрамасы тең түсті

1 мин
оқу үшін

Әлем чемпионатының В тобындағы сынға түсіп жатқан Швейцария мен Катар алғашқы кездесулерін өткізді. Қос қарсылас арасындағы ойын Америкадағы «Левайс» стадионында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Катар мен Швейцария құрамасы тең түсті

Екі құрама арасындағы ойын алма-кезек шабуылдармен басталды. Ойынның 16-шы минутында Катар қорғаушысы айып алаңында өрескел ерже бұзды. Төреші Катар қақпасына айып добын белгіледі. Пенальтиден Эмбола Брель мүлт кетпей, есеп ашты. Бірінші таймда Гондурастық төреші Саид Мартинес үш сары қағаз көрсетті. Оның екеуі Катар құрамасының ойыншысына, біреуі Швейцария футболшысына берілді.

Екінші тайм аяқталғанға дейін таблоға өзгеріс енбейтіндей тұрған еді. Катар ойыншысы Хухи мачтың 90-шы минутында таразы басын теңестіріп кетті. Қорытынды есеп 1-1. Осылайша қос қарыс бір ұпайдан еншіледі.

Айта кетейік, Катар құрамасы екінші ойынын 19 маусым күні Канада футболшыларымен өткізсе, үшінші турды 24-ші маусымда Босния және Герцеговинияға қарсы тұрады. Ал Швейцария екінші ойынын Босния және Герцеговиниямен, үшінші матчта Канадамен бақ сынайды.

2026 жылғы әлем чемпионаты: Үшінші ойын күні алаңға кімдер шығады?

 

Соңғы жаңалықтар