Фото: FIFA
Жанкүйерлердің дауыс беру қорытындысы бойынша шабуылшының Конго құрамасының қақпасына соққан голы үздік деп танылды. Дәл осы матчта Шомуродов айып алаңынан қақпашының үстінен асыра соққы жасап, есеп ашқан болатын.
Дауыс беруге топтық кезеңде соғылған үздік 12 гол ұсынылды. Нәтижесінде Элдор Шомуродов 36 пайыз дауыс жинап, жеңімпаз атанды. Алайда бұл гол Өзбекстан құрамасына ұпай әкелмеді.
Фабио Каннаваро жаттықтыратын команда топтық кезеңдегі үш матчтың барлығында есе жіберді.
Айта кетейік, Өзбекстанмен бір топта ойнаған Колумбия, Португалия және Конго Демократиялық Республикасы құрамалары плей-офф кезеңіне жолдама алған болатын.
Еске сала кетейік, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына тұңғыш рет қатысып отырған Өзбекстан құрамасы алғашқы кездесуінде Колумбиядан 1:3 есебімен жеңілген еді.