Фото: видеодан алынған кадр
Табиғи апат ел астанасы Аккраны және бірқатар өңірді қамтыған. Тасқын салдарынан мыңдаған тұрғын қауіпсіз жерге көшіріліп, жалпы саны 39 мыңға жуық адам зардап шеккен.
Қазір өңірлерде іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Билік апат салдарын жою және тұрғындарға көмек көрсету үшін шұғыл шаралар қабылдады.
Жергілікті БАҚ өкілдері су тасқынының зардабына қаладағы су ағызу жүйелерінің жеткіліксіздігі мен ретсіз салынған құрылыстар да әсер еткенін айтады. Мамандардың пікірінше, бұл факторлар судың еркін ағуына кедергі келтіріп, апаттың ауқымын ұлғайтқан.
Табиғи апаттан келген шығын көлемі мен жоғалған адамдарды іздеу жұмыстары бойынша нақтылау шаралары жалғасып жатыр.
Айта кетейік, Қытай бірнеше провинциясын су басуына байланысты төртінші деңгейлі төтенше жағдай жариялады.
Еске салайық, бұған дейін Сирияның шығысында толассыз жауған жаңбыр соңы су тасқынына ұласқанын хабарлаған едік.