Президент • Бүгін, 15:48

Мемлекет басшысы Руанда президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Поль Кагаме мен оның отандастарын Руанда Республикасының ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Руанда президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Фото: Ақорда

Президент жеделхатында Руанда Республикасы Қазақстанның Африкадағы сенімді серіктесі саналатынын атап өтті. Сонымен қатар екіжақты ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Поль Кагаменің жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Руанда халқына құт-береке тіледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Air Astana компаниясының бас атқарушы директоры Ибрагим Жанлыелді қабылдады. Мемлекет басшысына Орталық Азия мен Кавказда жетекші орын алатын Air Astana компаниясының операциялық және қаржылық көрсеткіштері туралы мәлімет берілді,

Соңғы жаңалықтар