Фото: Ақорда
Президент еліміз Канадамен достыққа және өзара құрметке негізделген көпжылдық серіктестікті жоғары бағалайтынын атап өтіп, екіжақты байланысты одан әрі нығайтуға бейіл екенін растады.
Сондай ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Марк Карнидің жауапты қызметіне табыс тілеп, достас Канада халқына тілектестігін білдірді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Руанда президенті Поль Кагаме мен оның отандастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Президент жеделхатында Руанда Республикасы Қазақстанның Африкадағы сенімді серіктесі саналатынын атап өтті.