Қоғам • Кеше
Әкімдіктер тоқсан сайын тексереді: 12 шілдеден бастап пәтер жалдау ережесі өзгереді
Қазақстанда тұрғын үйді жалдау ақысының 50 пайызын мемлекет есебінен жабу бағдарламасына маңызды өзгерістер енгізілді. Жаңа ережелердің мақсаты – заңсыз қосалқы жалдау мен жалған тұру фактілеріне тосқауыл қою, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жасанды интеллект • Кеше
Imam AI: Енді жасанды интеллект діни сұрақтарға жауап береді
Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының аппарат жиналысында Imam AI жобасы таныстырылды. Енді діни-ағартушылық бағытта жасанды интеллект мүмкіндіктері пайдаланылатын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • Кеше
Баян-Өлгей аймағында Қазақстанның консулдық мекемесі ашылады
Мемлекет басшысы Моңғолияны аймақтағы маңызды серіктес әрі тату көрші ретінде атап, Президент Ухнаагийн Хурэлсухтың елімізге сапарына айрықша мән беріп отырғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • Кеше
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда көлемі 7,7 пайызға өсті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ухнаагийн Хурэлсухтың келіссөзі ресми делегация мүшелерінің қатысуымен кеңейтілген құрамда жалғасты. Тараптар екі елдің сан қырлы ынтымақтастығы достық пен өзара қолдау рухында дамып келе жатқанына назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • Кеше
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде елордадағы «Хайвилл» тұрғын үй кешенінде екі шетел азаматы қару-жарақ арсеналымен ұсталды деген ақпарат тарады. Алайда Астана қалалық Полиция департаменті бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Білім • Кеше
ҰБТ-ға қосымша таңдау: AIT тестінің ерекшелігі неде?
Ақорда кулуарында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек еліміздегі тест жүйесіне енгізілетін айтулы жаңалықпен бөлісті. 2027 жылдан бастап Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеуге балама ретінде жаңа AIT (Admission Insight Test) емтиханы пилоттық режимде іске қосылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
Мүгедектігі бар жандарға арба мен протездер жалға беріледі: Жаңа жүйе қалай жұмыс істейді?
Қазақстанда мүгедектігі бар жандарға арналған арбалар, протездер және өзге де техникалық оңалту құралдарын қайтарымды негізде, яғни жалдау арқылы беру жүйесі енгізілмек. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • Кеше
Ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін өсе ме? Министр жауап берді
Үкімет кулуарында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев қоғамда қызу талқыланып жатқан ең төменгі жалақыны 150 мың теңгеге дейін көтеру туралы мәлімдемеге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
Мүгедектігі бар жандарды жұмысқа орналастыру квотасы екі есе артады
Үкімет отырысында ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды жұмыспен қамтудың жаңа тетіктері талқыланды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев инклюзивті еңбек нарығын дамыту және қолдаудың проактивті моделін енгізу жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • Кеше
Алматыда Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр
Бүгін, 21 сәуірде Алматы жұртшылығы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, көрнекті ақын және қоғам қайраткері Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсіміне жиналды, деп хабарлайды Egemen.kz.