Құжатта шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарға шақырулар жіберу, халықаралық байқаушыларды аккредиттеу және оларға белгіленген үлгідегі куәліктерді беру тәртібі айқындалған.
Сондай-ақ қаулыда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің аккредиттеуінен өткен жағдайда шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің байқауды жүзеге асыру мүмкіндігі көзделген.
«Осы қаулының қабылдануы Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттарының сайлауына халықаралық байқаушылардың қатысуы үшін қажетті құқықтық жағдайларды қамтамасыз етеді және олардың қызметін заңнамаға сәйкес жүзеге асыру тәртібін айқындайды», деп атап өтті Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман.
Қаулының қабылдануы Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттарының сайлауында халықаралық байқау институтының жұмысын бастауға мүмкіндік береді.