Спорт • 26 Маусым, 2026

Олимпиада алтынына – 150 мың доллар: Күрес федерациясы арнайы сыйақы жүйесін бекітті

3 мин
оқу үшін

Қазақстан күрес федерациясы халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайтын спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын ынталандыру мақсатында арнайы сыйақы жүйесін бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Олимпиада алтынына – 150 мың доллар: Күрес федерациясы арнайы сыйақы жүйесін бекітті

Фото: Ашық дереккөз

Енді Олимпиада ойындары, әлем чемпионаттары, Азия ойындары және Азия чемпионаттарында жүлдеге ие болған балуандар мен олардың бапкерлері мемлекет тарапынан төленетін сыйақымен қатар, Қазақстан күрес федерациясының қосымша ақшалай сыйақысын да алады.

Олимпиада ойындары

  • Алтын медаль: спортшыға – 150 мың доллар, бас бапкерге – 15 мың доллар, жеке бапкерге – 30 мың доллар.

  • Күміс медаль: спортшыға – 100 мың доллар, бас бапкерге – 10 мың доллар, жеке бапкерге – 20 мың доллар.

  • Қола медаль: спортшыға – 50 мың доллар, бас бапкерге – 5 мың доллар, жеке бапкерге – 10 мың доллар.

Ересектер арасындағы әлем чемпионаты

  • Алтын медаль: спортшыға – 100 мың доллар, бас бапкерге – 10 мың доллар, жеке бапкерге – 20 мың доллар.

  • Күміс медаль: спортшыға – 50 мың доллар, бас бапкерге – 5 мың доллар, жеке бапкерге – 10 мың доллар.

  • Қола медаль: спортшыға – 25 мың доллар, бас бапкерге – 2,5 мың доллар, жеке бапкерге – 5 мың доллар.

Азия ойындары

Ересектер арасындағы Азия чемпионаты

  • Алтын медаль: спортшыға – 30 мың доллар, бас бапкерге – 3 мың доллар, жеке бапкерге – 6 мың доллар.

  • Күміс медаль: спортшыға – 20 мың доллар, бас бапкерге – 2 мың доллар, жеке бапкерге – 4 мың доллар.

  • Қола медаль: спортшыға – 10 мың доллар, бас бапкерге – 1 мың доллар, жеке бапкерге – 2 мың  доллар.

    Олимпиадаға қатысқан әр спортшыға 10 мың доллар берілуі мүмкін

Күрес федерациясы алдағы уақытта да халықаралық аренада жоғары нәтиже көрсету үшін спортшыларға жан-жақты қолдау көрсетіп, қажетті жағдай жасау жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыратынын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, демалыс күндері ел спортшылары олимпиадалық спорт түрлерінен ірі халықаралық жарыстарда табысты өнер көрсетіп, 19 медаль иеленді.

Соңғы жаңалықтар