«Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер шатырдың жанғанын анықтаған. Құтқарушылар қысқа уақытта шатырға көтеріліп, су шашатын құралдар арқылы өртті ауыздықтауға кіріскен. Өрт ошақтарын анықтау үшін арнайы құралдар қолданылып жатыр. Қазіргі таңда өрттің қарқыны бәсеңдеді. Өрттің жану алаңы нақтыланып жатыр», делінген ТЖД хабарламасында.
Оқиға орнында ТЖД құтқару қызметінің эвакуаторлары жұмыс істеп жатыр.
Жедел штаб құрылып, екі бағытта сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өртті сөндіруге алты су оқпаны тартылған. Аумақты полиция қызметкерлері қоршауға алған.
Өртті сөндіру жұмыстарын Алматы қаласы ТЖД басшысы Дамир Ермағамбетов басқарып отыр. Оқиға орнында 60-тан астам қызметкер мен 20-ға жуық техника жұмылдырылған.