Фото: Ашық дереккөз
Қадағалау органының мәліметінше, аудан прокурорымен өткен жеке кездесуде ақсақалдар, ауданның құрметті тұрғындары мен кәсіпкерлер ішімдіктерді сатудан бас тарту бастамасын қолдаған.
«Нәтижесінде жергілікті сауда орындарының иелері алкоголь өнімдерін өткізуден ерікті түрде бас тартуға келісім беріп, 14 ауылдық округ «Ішімдіктен ада ауыл» болып жарияланды», делінген таратылған хабарламада.
Солтүстік Қазақстан облысында тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты
Қабылданған шаралар, өскелең ұрпақты жат әдеттерден қорғауды және құқықбұзушылықтың алдын алу тұрғысында оң нәтиже қалыптастыруды көздейді.
Былтыр Қарағанды облысында ішімдіктен бас тартқан ауылдардың саны 63-ке жеткені туралы хабарланған еді.