Оқиға • Бүгін, 14:59

Қазақстанда кейбір интернет-ресурстардың жұмысы уақытша қиындады

1 мин
оқу үшін

Цифрлық даму министрлігінің мәлімдеуінше, елде жекелеген интернет-ресурстардың жұмысы уақытша қиындауы – магистральдық талшықты-оптикалық байланыс желісінің зақымдануына байланысты болып отыр деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда кейбір интернет-ресурстардың жұмысы уақытша қиындады

Фото: Ашық дереккөз

Ведомствоның мәліметінше, «Қазақтелеком» ұсынған деректерге сәйкес, құрылыс техникасы халықаралық интернет-трафиктің негізгі бағыттарының бірін қамтамасыз ететін кабельді зақымдаған.
 
Осыған байланысты интернет-трафик резервтік арналарға ауыстырылды. Қазіргі уақытта зақымдалған желіні қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Соңғы жаңалықтар