Қазақстандық-сербиялық жұп «Ролан Гаррос» турнирінде осымен қатарынан екінші финалға шығып отыр. Былтыр Данилина мен Крунич финалда италиялық Жасмин Паолини және Сара Эррани жұбына 4:6, 6:2, 1:6 есебімен есе жіберген болатын.
Биыл жұптық сындағы «Ролан Гаррос» чемпиондарының әрқайсысы 600 мың еуродан сыйақы алып, 2000 рейтингтік ұпайға ие болады.
Естеріңзіге салайық, финалдық ойын 7 маусым, Астана уақыты бойынша сағат 14:00-де басталады.