Фото: Ашық дереккөзден
«Егер 2022 жылы 243 574 қаңғыбас жануар ауланса, 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бұл көрсеткіш 276 282-ге жетті. Яғни, біз төмендеу емес, өсімді көріп отырмыз. Қазіргі «аулау – стерилизация – қайта жіберу» моделі мәселені шешпейді», деді ол.
Үй жануарларын чиптеу: Жануарлар туралы жаңа заң бойынша иелердің жауапкершілігі күшейтіледі
Сондықтан Еділ Жаңбыршин қаңғыбас иттерді бұрынғы тіршілік ортасына қайтару тәжірибесінен бас тартып, қайтарымсыз аулау жүйесіне көшуді ұсынды.
«Бүгінде мемлекет абсурд схема бойынша әрекет етеді: итті аулайды, стерилизациялайды, вакцинациялайды, содан кейін қайтадан сол жерге жібереді. Ол жерде бұған дейін де тұрғындардан шағымдар мен қауіп болған. Осылайша, мемлекет өз қолымен әлеуетті қауіпті қайтадан қоғамдық кеңістікке қайтарып отыр. Қоғамдық қауіпсіздік тұрғысынан бұл модель сын көтермейді», деді депутат.
Қазақстанда иесіз жануарларды тегін вакцинациялау тоқтатылады