Отандасымыз 82 келіге дейінгі салмақта қытайлық Руи Люмен қола медальді сарапқа салды.
Алғашқы үшминуттықта Қытай балуаны 1:0 есебімен басым түсті. Дегенмен белдесудің екінші бөлігінде Ибрагим Магомадов басымдық танытып, 5:3 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұған дейін Алматбек Аманбек (72 келіге дейін) Азия чемпионы атанған болатын.