Өнер •

Қос ішектің күмбірі

2 мин
оқу үшін

Алматы облысында қазақ халқының ұлттық мұрасы – домбыраның қадір-қасиеті, күй өнері мен халық музыкасы кеңінен дәріптелді. Қонаев қаласында Ұлттық домбыра күніне орай, рухани құндылықтарды насихаттауға бағытталған тағылымды іс-шара өтті. Оған зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, жастар, мәдениет және өнер қайраткерлері қатысты.

Қос ішектің күмбірі

Бердібек Соқпақбаев атындағы саябақта ұйымдастырылған іс-шараға өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев қатысып, елдің еңсесін көтеріп, рухын оятатын мерекемен құттықтады.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күніне орай: «Бұл – еліміз үшін ерекше мейрам. Оны ел болып атап өту арқылы халқымыздың рухын көтеріп, танымын арттырамыз. Сондай-ақ Ұлы дала дәс­түрін жас ұрпақтың санасына сіңіріп, төл өнеріміздің құдіретін танытамыз»,  деген болатын.

Домбыра – қазақтың жаны, тарихы мен бүкіл болмыс-бітімі. Қос ішекті қара домбыраның үнінде Алтай мен Атыраудың, Алатау мен Арқаның арасын ен жайлаған халқымыздың сан ғасырлық шежіресі, ішкі жандүниесі жатыр», деді облыс әкімі.

Мерекелік кеште көрерменнің құлақ құры­шын қандырып, өнерсүйер қауым­ды сүйсінткен композитор, күйші, Қазақстан­­ның еңбек сіңірген әртісі Секен Тұрысбек Қонаев қаласын думанға бөлеген іс-шара көңілінен шыққанын айтты. Айтулы мере­­ке­нің мән-мазмұны туралы да сөз қозғады.

«Домбыра күні арнайы мереке болып бекітілгеннен бері домбырашы жастардың көбейіп келе жатқанын көріп жүрміз. Бұған қарап біз де марқайып, шабыттанып қаламыз.

«Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деп Қадыр Мырза Әлі жыр­лағандай, әр күні ұлттық аспапты қас­тер­леп, төрде ұстау керек. Сонда келер ұр­пақ өзі-ақ домбыраның күмбіріне көңіл түріп, ұлық­тап өтетін болады», дейді әйгілі күйші.

Кеште сондай-ақ Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлмира Сарина, «Ала­тау серілері» тобы, «Ақ жауын» каме­ралық оркестрі, Сүйінбай атын­дағы Алматы облыстық филар­мо­ния­сының өнер­паздары көрерменге ерекше рухани әсер сый­лады. Олар ұлттық өнердің өн бойың­ды шымырлататын шығармаларын орын­­дап, тыңдарманның талғам-талабын терең­дете түсті.

 

Алматы облысы 

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:15

Холанн ширек финалда ойнайды

Футбол • Бүгін, 09:10

ҰБТ үздігі

Білім • Бүгін, 09:05

Заманауи спорт орталығы ашылды

Аймақтар • Бүгін, 09:00

Күй құдіреті ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 08:55

Астананың ата толғауы

Қоғам • Бүгін, 08:48

Адамзат асқарындағы ақын

Тұлға • Бүгін, 08:45

Жастар жүрегіндегі шаһар

Өнер • Бүгін, 08:43