Taza.kz

# Өнер

Өнер • Бүгін, 08:33

Қызықты кейіпкер қалай сомдалады?

Бәріміз де бала болдық. Кішкентай күнімізден сүйікті кейіпкерлерімізбен бірге өстік. Олардың бірі – бізді күлдірді, бірі – ойландырды, енді бірі қиын сәтте жігерлендірді. Бір ғажабы, кейбір кейіпкерлер арада ондаған жыл өтсе де ұмытылмайды. Ал енді біреулері экраннан кеткен бойда жадымыздан өшеді. Мұның сыры неде?

Өнер • Кеше

Қалба жоталары – қылқалам ұшында

Шығыстың қай бұрышы болсын, кенепті «керіп» жіберіп, этюд жазуға сұранып-ақ тұр. Сылдырап аққан бұлақ, күркіреп аққан өзен көп. Алтайды айтпағанның өзінде Нарын, Қалба жоталарының сыңсыған орманы, толқыған көлдері қаншама? Бұл жолы қылқалам шеберлерінің таңдауы Ұланның даласына түсті. Қалбаның қожыр-қожыр сілемдері мен бел-белесін кенепке жазды.

Өнер • Кеше

Бидің көркем шежіресі

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында «Gulder» ансамблінің «Experience №4: Паванадан қазақ вальсіне дейінгі дәуірлер диалогі» атты концерт-дәрісі өтті. Айтулы кеш би өнерін уақытпен тілдесетін мәдени құбылыс ретінде танытқан ерекше жоба болды.

Өнер • 16 Маусым, 2026

Мүмкіндігі шексіз өнер тартуы

Адамзат мыңдаған жыл бойы аспанға ұшуды армандады. Сол арманды ғылым ұшаққа, техника зымыранға айналдырса, өнер оны сұлулықпен ұштастырды. «Барыс Арена» төрінде қойылған атағы әлемге мәшһүр «Cirque du Soleil» циркінің әйгілі «OVO» қойылымын тамашалағанда дәл осындай ойға ерік бересің. Өйткені сахна үстінде физика заңдары уақытша күшін жоғалтқандай әсер қалдырды.

Өнер • 13 Маусым, 2026

Соғыс туралы сурет

Қайбір жылы Мәскеуге жол түсіп, Третьяков галереясына барудың сәті туды. Көне күндердің көріністері әр қабырғада менмұндалап тұр. Солардың ішінде санамды сан-саққа жүгірткені баталист суретші Василий Верещагин салған «Соғыс апофеозы» картинасы болды.

Өнер • 13 Маусым, 2026

Жүз әнмен жасалған жаһандық рекорд

Қазақтың дәстүрлі ән өнері тағы бір тарихи белесті бағындырды. Шәкәрім университетінің «Өнер» кафедрасының оқытушысы, университеттің құрметті профессоры, Мәдениет саласының үздігі, дауылпаз дәстүрлі әнші Қайрат Қабышев дүниежүзілік рекордтар кітабына енді.

Өнер • 11 Маусым, 2026

Ұлттық әуеннің белесі

Қазақ руханиятының өзегінде ғасырлар бойы ұлттың жадын сақтап келген қос құді­рет бар: бірі – сөз өнері болса, екіншісі – күй өнері. Күй – халықтың жазылмаған шежіресі, уақыт пен кеңіс­тікті жалғаған үн. Сол қасиетті үн бүгінгі театр сахна­сында жаңа сипатқа ие болып, көркемдік болмыстың ажырамас бөлігіне айналып келеді. Осы үрдістің жарқын үлгісінің бірі – Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының Халық аспаптар ансамблі.

Өнер • 11 Маусым, 2026

Крайовадағы қазақша қойылым

Еліміздегі ең көне өнер ордасының бірі – Мемлекеттік академиялық қуыршақ театры Румынияның Крайова қаласында өткен халықаралық «The Craiova International Shakespeare Festival» фестивалінде ересектерге арналған «Ромео мен Джульетта» спектаклін шетелде алғаш рет ана тілімізде сахналап, еуропалық көрермендердің жоғары бағасына ие болды.

Өнер • 10 Маусым, 2026

Ұлттық музыкамен ұштасқан классика

Роза Бағланова атындағы Қазақконцерт сахнасында Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің «Жаңа әлем» атты концерті өтті. Аталған кеш ұлттық музыка мен әлемдік классиканы ұштастырғанымен ерекшеленді.

Соңғы жаңалықтар

Экономиканың жаңа моделі

Экономика • Бүгін, 08:10

Елордадағы инженерлік табыс

Өндіріс • Бүгін, 08:08

Фото
Яндекс.Метрика