Аймақтар • 22 Сәуір, 2020

Қазақстан өңірлерінде автомобиль жолдары саласындағы 350 жоба іске асырылады

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Қазақстан өңірлерінде автомобиль жолдары саласындағы 350 жоба іске асырылады деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

Қазақстан өңірлерінде автомобиль жолдары саласындағы 350 жоба іске асырылады

Автомобиль жолдары саласының алдында тұрған басымдықты міндеттердің бірі – қазақстандықтарды «үйге дейінгі сапалы жолмен» қамтамасыз ету.2020 жылы автомобиль жолдарының 4 мың шақырымы жөндеу жұмыстарымен қамтылатын болады. Бұл ретте ел өңірлерінде 350 жоба іске асырылып, жөндеу жұмыстарына 30,5 мың адам жұмылдырылады. 

Еске салайық, жергілікті жолдардың жалпы ұзындығы 70, 9 мың шақырымды құрайды. 2025 жылға дейін елімізде жергілікті жолдардың 27 мың шақырымы жөнделеді деп жоспарлануда. Бұл өз кезегінде жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың үлесін 95% дейін жеткізуге мүмкіндік береді.