Автомобиль жолдары саласының алдында тұрған басымдықты міндеттердің бірі – қазақстандықтарды «үйге дейінгі сапалы жолмен» қамтамасыз ету.2020 жылы автомобиль жолдарының 4 мың шақырымы жөндеу жұмыстарымен қамтылатын болады. Бұл ретте ел өңірлерінде 350 жоба іске асырылып, жөндеу жұмыстарына 30,5 мың адам жұмылдырылады.
Еске салайық, жергілікті жолдардың жалпы ұзындығы 70, 9 мың шақырымды құрайды. 2025 жылға дейін елімізде жергілікті жолдардың 27 мың шақырымы жөнделеді деп жоспарлануда. Бұл өз кезегінде жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың үлесін 95% дейін жеткізуге мүмкіндік береді.