Қоғам • 09 Шілде, 2024

Қайрат Сатыбалды «ҚТЖ» басшысынан ақша талап еткен бе?

337 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қайрат Сатыбалды «Қазақстан Темір Жолына» жұмысқа келгенде компанияның бұрынғы басшысы Ерлан Атамқұловтан $300 млн талап еткен. Бұл туралы Ерлан Атамқұлов Abay LIVE Youtube каналына берген сұхбатында айтты, деп жазады Egemen.kz.

Қайрат Сатыбалды «ҚТЖ» басшысынан ақша талап еткен бе?

Фото: rail-news.kz

Кәсіпкер Ерлан Атамқұлов 2002-2007 жылдар аралығында «Қазақстан Темір жолы» АҚ Президенті қызметін атқарды. 2005-2006 жылдары компанияның вице-президенті болып Қайрат Сатыбалды бекітілген. 

Компанияның бұрынғы басшысы Ерлан Атамқұлов Қайрат Сатыбалды орынбасары болған тұста «Қазақстан Темір жолы» жұмысына келтірген кедергілерін баяндады. 

«Жұмыс жүрді, бірақ одан кедергі көп болды. 2006-2007 жылдары көп жұмыс істей алмадық, уақыт Қайрат Сатыбалдының әрекетімен күресуге кетті. 2006 жылы тамыз айында экс-президентке кіріп Қайраттың не істеп жатқанын, іс осылай жалғаса берсе теміржолды жағдайы қалай болатыны есептелген қағаз бен жұмыстан кету туралы өтінішті алып бардым. Бұрынғы президент інісіне «сен енді теміржолда істемейсің, көлік министрінің орынбасары боласың» дегенде, Қайрат ешқайда бармайтынын айтып, ашуланды», деді Ерлан Атамқұлов.

«ҚТЖ» компаниясы бұрынғы төрағасының айтуынша, Қайрат Сатыбалды орынбасарлық жұмысқа келе сала, қаржы талап ете бастаған.

«300 миллион берсең, мен жұмыстан қазір-ақ кетем деп те айтты. Мен бірге жұмыс істейік деп, онымен дұрыс қарым-қатынаста болуға тырыстым. Жұмыс істесіп кетеміз, ол маған көмек болады деп ойладым. Керісінше, ол әртүрлі жобаларды сұрап, бәріне араласып кетті.», дейді Ерлан Атамқұлов.

Бұрынғы басшы «ҚТЖ» жұмысындағы өзге де мәселелерді айтып берді