Білім • Бүгін, 20:43

Алматы оқушылары халықаралық білім бәйгесінде жүлделі болды

38 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның «Sana Team» құрамасы робототехникадан Австралияда өткен Pacific Open Championship халықаралық чемпионатында жеңімпаз атанды, деп жазады Egemen.kz.

Алматы оқушылары халықаралық білім бәйгесінде жүлделі болды

Фото: Oqu-agartu ministrligi

Оған 11 ел бойынша 400-ге жуық бала қатысқан. Финалдық кездесуде Қазақстан оқушылары БАӘ командасымен одақтасып, жеңіс жолында күресіп,  екі марапатқа ие болды: Finalist Alliance Captain және «Motivate Award» номинациясында бірінші орын.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, еліміздің атынан «Білім-инновация» лицейі және Республикалық физика-математика мектебінің 11-сынып оқушылары: Дарын Смайыл, Арнар Дәулетқұл, Әділ Тұрсынғали, Аббас Пахридин, Осман Акипбек, Асылхан Ыбырай, Ілияс Әшіралин, Алдияр Дәулетұлы, Жанайым Сабыржан, Ғазиза Кунгожина қатысты.

Еске салайық, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен USTEM Foundation қоры мен «Дарын» РҒПО ұйымдастырған Central Asia FIRST Championship Орталық Азия чемпионаты кезінде аталған команда әлем чемпионатына жолдама алған еді. Чемпионатта жеңіске жету – оқушыларға әлемдік жетекші жоғары оқу орындарына грант алуға жол ашады.