Ауа райы • 16 Шілде, 2024

17 шілде күні еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауады

252 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 17 шілдеде еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

17 шілде күні еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауады

Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады.

Абай облысының солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың орталығында найзағай күтіледі. Күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, орталығында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Астанада кей уақыттарда найзағай күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың бытысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Павлодар облысының солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, орталығында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында күші 15-20 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында кей уақытта қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігінде, күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде, шығысында найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе облысының түнде солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. 17-18 шілдеде оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. 17-18 шілдеде облыстың батысында төтенше, облыстың солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с.

Атырау облысында 36 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Облыста жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Түркістан облысының таулы аудандарында, күндіз солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шымкентте күндіз найзағай, дауыл күтіледі Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

17 шілдеде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Найзағай күтіледі. Оңтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с.

Алматыда кей уақытта найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с.