Фото: naryk.kz
Еңбек демалысы кезіндегі осы мәселенің тәртібі ҚР Еңбек Кодексінің 95-бабына сәйкес жүргізіледі.
Егер жұмыс беруші еңбек демалысынан кері шақыртып алған жағдайда жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігін еңбек шарты тараптарының келісімі бойынша сол жұмыс жылы ішінде немесе келесі жұмыс жылында кез келген уақытта беріледі. Сонымен қатар еңбек демалысының қалған бөлігін келесі жұмыс жылының жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына қосып алуға да болады.
Егер қызметкер қайта еңбек демалысына шыққысы келмеген жағдайда пайдаланылмаған бөлігінің күндерін өтемақымен алмастыруға болады.
Ескеретіні, жұмыс орны 18 жасқа толмаған жұмыскерді, жүктілігі туралы анықтаманы жұмыс берушіге берген жүкті әйелдерді және ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлерді жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысынан кері шақыртып алуына рұқсат етілмейді.