Депозит • 17 Шілде, 2024

Қазақстанда зейнетақы жинағын тұрғын үй алуға пайдалану қағидалары өзгерді

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда зейнетақы жинағын тұрғын үй алуға пайдалану қағидалары өзгерді

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 13 шілдеде Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 21 қаңтардағы № 24 бұйрығымен бекітілген Біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын-үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізді.

- Осылайша, енгізілген өзгерістерге сәйкес тұрғын үй сатып алу мақсатында бұрын біржолғы зейнетақы төлемдерімен толықтырылған "Отбасы Банк" АҚ депозиттерінде қаражатты жинақтау мерзімі 3 жылдан 6 жылға дейін ұзартылды.

Бұдан бөлек, депозитті ерлі-зайыптыларға және (немесе) жақын туыстарына беру көзделген, - делінген хабарламада.

Бұл ретте мұндай салымды үшінші тұлғаларға одан әрі беруге жол берілмейді. Бұйрық ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.